• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үндістанда жарылған ұшақтағы 242 адамнан бір адам тірі қалды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
13 июня, 2025
Үндістанда жарылған ұшақтағы 242 адамнан бір адам тірі қалды

Reuters суреті

Share on FacebookShare on Twitter

Үндістанның Ахмедабад қаласындағы ұшақ апатында 11A орнында отырған бір адам тірі қалғаны расталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Timesofindia сайтына сілтеп. 

— Полиция тірі қалған адамды тапты. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр. Қанша адамның қаза тапқаны туралы нақты айту мүмкін емес. Өйткені ұшақ тұрғын үй аумағына құлағандықтан, құрбандар саны әлі де артуы мүмкін, — деп хабарлады Ахмедабад қаласының полиция комиссары Г. С. Малик ANI жаңалықтар агенттігіне берген мәлімдемесінде.

Ұшақ бортында 230 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі — барлығы 242 адам болған. Ұшақ Мегхани ауданында құлап, жанармай мөлшерінің көптігіне байланысты жойқын жарылыс болған.

Құтқару жұмыстарына алты NDRF (Ұлттық апаттық әрекет ету күші) тобы, өрт сөндіру көліктері, жедел жәрдем және полиция бөлімшелері жұмылдырылды.

Ұшақпен байланыс үзілер алдында MAYDAY (дабыл сигналы) берілген.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Ахмедабадтағы ұшақ апатына байланысты еліне көңіл айтты. Ол бұл оқиғаны «сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес қайғылы жағдай» деп атады.

— Ахмедабадтағы қайғылы оқиға бәрімізді есеңгіретіп, жүрегімізге қаяу салды. Мұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес ауыр трагедия. Қазір министрлермен және тиісті органдармен байланыстамын, олар зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмыс істеп жатыр, — деп жазды премьер-министр Моди X желісіндегі жазбасында.  

Timesofindia сайты Air India ұшағының апатқа ұшыруына байланысты, Ұлыбритания Королі ІІІ Чарльз көңіл айтқанын жазды.

Ұлыбритания королі ІІІ Чарльз және оның жұбайы, королева Камилла, «бүгін таңертең Ахмедабадта болған қайғылы оқиғаға қатты есеңгіреп, күйзелгендерін» жеткізді.

Букингем сарайы таратқан мәлімдемеде: «Біз осы ауыр әрі трагедиялық жағдайдан зардап шеккен барлық елдердің азаматтарына, олардың отбасылары мен жақындарына шын жүректен тілектестігімізді білдіреміз. Олар қазір сүйікті жандарынан хабар күтіп отыр,» – делінген.

Келесі
Израильге қарсы соққымен жауап берген Иран қақтығысты тоқтатпақ

Израильге қарсы соққымен жауап берген Иран қақтығысты тоқтатпақ

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.