• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үндістанда ұшақ апатқа ұшырады. Бортында 242 адам болған

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
12.06.2025
Үндістанда ұшақ апатқа ұшырады. Бортында 242 адам болған
Share on FacebookShare on Twitter

Маусымның 12-сінде Air India әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Үндістанның батысындағы Ахмедабад әуежайына жақын аумақта апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 242 адам болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің бәрі қаза болған. Жергілікті полицияның айтуынша, ұшақ құлаған тұрғын үй аумағында да қаза болғандар бар.

Ұшақ Ұлыбританияға ұшып шыққан.

«Ахмедабад — Лондон Гатвик бағыты бойынша ұшқан AI171 рейсі бүгін, 12 маусымда апатқа ұшырады. Қазір жай-жапсарын анықтап, http://airindia.com сайтында және X парақшамызда қосымша ақпарат береміз» деп жазылған Air India әуе компаниясының алғашқы мәлімдемесінде.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жөнінде мәлімет жоқ.

«Ахмедабадтан Лондонға бет алған Air India №AI171 рейсінің апаты туралы ақпараттарды қадағалап отырмыз. Ұшақтан соңғы сигнал UTC 08:08:51-де, ұшып шыққаннан кейін бірнеше секундтан кейін келді. Мәселе VT-ANB тіркеуі бар Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы жөнінде болып отыр» деп жазылған Flightradar24 хабарламасында.

Dreamliner — Boeing компаниясы шығарған соңғы үлгідегі ұшақтардың бірі.

India TV хабарлауынша, ұшақ құлаған орыннан қалың қара түтін көтерілген. Ұшақ Ахмедабадтан Лондонға ұшқан. Ұшақ экипажы әуеге көтерілгеннен кейін бірден апат туралы сигнал берген деп айтылады. Бортта 230 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болған: Үндістанның — 169, Ұлыбританияның — 53, Португалияның — 7, Канаданың бір азаматы болған.

Ұшақ капитаны 8 мыңнан астам сағат ұшу тәжірибесіне ие екені айтылады. Жолаушылардың арасында Гуджарат штатының бұрынғы губернаторы Виджай Рупани болған.

Апат орнынан түсірілген кадрларға қарағанда ұшақ тұрғын үйлер орналасқан аумаққа құлаған.

Келесі
Үндістанда жарылған ұшақтағы 242 адамнан бір адам тірі қалды

Үндістанда жарылған ұшақтағы 242 адамнан бір адам тірі қалды

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.