• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Белсенді Марғұлан 4 жылдық жазасын өтеп шықты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
21.05.2025
Белсенді Марғұлан 4 жылдық жазасын өтеп шықты
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи 20 мамырда Facebook парақшасында «елдің егемендігіне, қазақтың намысына араша түсем деп, сотты болған Марғұлан бауыр Боранбай бес жылдан соң түрмеден шығып, ағасына амандасуға келіпті» деп жазды. Боранбаевпен түскен суретін де жариялаған.

Бапидің сөзінше, олар «шартты түрде мерзімінен ерте босап шығуына көмектесу үшін» былтыр күзде түрмеге барған кезде белсенді «ешкімнен кешірім сұрайтындай кінәм жоқ» деп өтініш жазудан бас тартқан.

Қазақстандағы саяси қудалау туралы ақпарат тарататын Tirek info сайтының мәліметінше, Марғұлан Боранбаев әлеуметтік желіде ұлттық-патриоттық тақырыптар жөнінде жазатын белсенді. Ол Қазақстандағы отарсыздандыру және советтік мұралардан арылу мәселелерін қозғаған.

2022 жылғы наурызда Алматы соты Марғұлан Боранбаевты 2018 жылдан бастап әлеуметтік желіде «ұлтаралық және әлеуметтік араздық қоздыратын», «орыс ұлты өкілдерінің ұлттық ар-намысына тиетін жазбалар жариялағаны» үшін айыпты деп танып, бес жылға соттаған.

Белсенді әлеуметтік желіде ресейлік шенеуніктердің Қазақстан жөнінде айтқан сындарына қарсы пікір білдіріп, Қазақстанның Ресеймен интеграциясына қарсы екен айтқан және Ресейдің Украинаға басқыншылығын сынаған. Боранбаев әлеуметтік желіде жазбаларды жазғанын мойындаған, бірақ өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеген.

2023 жылы қыркүйекте Ермұрат Бапи түрмеде белсендінің соққыға жығылғанын айтқан. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ақпарат «шындыққа сәйкес келмейді» деп мәлімдеген.

Келесі
Қазасы кезінде видеосы тараған қыздың анасы президенттен көмек сұрады

Қазасы кезінде видеосы тараған қыздың анасы президенттен көмек сұрады

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.