• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Түркия төрінде. Украина мен Ресейдің президентсіз келіссөзі өтті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
17 мая, 2025
Басты бет Жаһан
Share on FacebookShare on Twitter

16 мамырда Стамбұлда Украина мен Ресей арасында екі сағатқа созылған келіссөз өтті.

Азаттық радиосының хабарлауынша, келіссөзде Украина мен Ресей тарабы «1000 х 1000» формуласымен тұтқын алмасуға келіскен. Бұл туралы келіссөзге қатысқан Украина қорғаныс министрі Рустем Умеров мәлімдеді. Мұны Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Владимир Мединский де растады. Оның сөзінше, тұтқын алмасу «жақын күндері» болады.

Келіссөзден шыққан Мединский «кездесу нәтижесіне көңіліміз толады және байланысты жалғастыруға дайынбыз» деп мәлімдеді.

«Украина тарабы Ресей мен Украина президенттерінің тікелей келіссөз өткізуін сұрады. Бұл сұранысты түртіп алдық. Бұған қоса, әр тарап атысты қалай тоқтатуға болатынына қатысты ұсыныстарын айтады деп келістік. Ұсыныстар айтылған соң келіссөзді жалғастырамыз» деді ол.

Reuters және Ахios агенттіктері дереккөздеріне сілтеп, «Ресей Украинаның кейбір облыстарынан украиналық әскерилердің толық шығуын талап еткен. Ресей тарабы сонда ғана атысты тоқтатуға келісетінін айтқан» деп жазды. Агенттіктердің жазуынша, Украина ресейліктер келіссөзде орындалмайтын талаптар қойды деген.

Украина жоғарғы радасының депутаты Алексей Гончаренко «Ресей келіссөзде Луганск, Донецк, Херсон, Запорожье облысынан «Украина әскерилері шығуы керек деген талап қойды» дейді.

Мәскеу де, Киев те агенттіктердің бұл жазғандарына қатысты ресми пікір білдірмеді.

Украина мен Ресей арасындағы Стамбұлдағы келіссөз әуелде 15 мамырда өтуі керек еді. Ресейден келген делегация Украина тарабын ұзақ күтті. Ал Украина президенті Владимир Зеленский Түркияға Ресей президенті Владимир Путинді шақырған еді. Алайда Путин Мәскеуде қалып, Стамбулға бір топ орынбасарлар мен әскерилерді жіберді. Келіссөзге Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский, сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин және басқа әскерилер қатысты.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Президент және президенттікке үміткер Байден сайлаудан бас тартты

Дерті жарияланған Байденге Трамп саушылық тіледі

Соңғы жазбалар

Ақ үйдегі Зеленский — Территория мәселесін Путин екеумізге қалдырыңыздар

Ақ үйдегі Зеленский — Территория мәселесін Путин екеумізге қалдырыңыздар

19 августа, 2025
Жар салған жиын. «Өнімді» деген отырыста келісім жасалмады

Жар салған жиын. «Өнімді» деген отырыста келісім жасалмады

16 августа, 2025
Туризмге — кедергі. Президент жол мен инфрақұрылымның нашарлығын енді көрді

Президент елдегі отбасылық-кландық жүйені жоққа шығарды

15 августа, 2025
Польшада Қазақстан дипломаты ұсталды. Астанада қорғаныс министрлігі растады

Польшада Қазақстан дипломаты ұсталды. Астанада қорғаныс министрлігі растады

13 августа, 2025
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Экипаждың соңғы мүшесінің сүйегі табылды

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Экипаждың соңғы мүшесінің сүйегі табылды

13 августа, 2025
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

12 августа, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.