• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Зеленский атысты 30 күнге тоқтатуды ұсынып, Путинді айыптады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
29 апреля, 2025
Зеленский атысты 30 күнге тоқтатуды ұсынып, Путинді айыптады
Share on FacebookShare on Twitter

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің елдің қарулы күштеріне 8-11 мамыр аралығында Украинада атысты тоқтату туралы бұйрығына жауап қатып, Кремль билігін халықаралық қауымдастыққа үнемі манипуляция жасауға тырысады деп айыптады.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

«Бізге бәрінен де адам өмірі қымбат, ол парадтардан да маңызды. Сондықтан біз – барлық өркениетті әлем сияқты – 8 мамырды күтудің титтей де себебі жоқ деп білеміз. Атысты бірнеше күнге ғана емес, кейін қайтадан қантөгіс жасау үшін емес, дереу тоқтату керек. Тұрақты әрі сенімді болу үшін атысты кем дегенде 30 күн бойы толық әрі сөзсіз тоқтату қажет. Шынайы дипломатиялық күш-жігер негізін тек осылай қалауға болады», – деп мәлімдеді Зеленский дүйсенбі, 28 сәуір күні кешкі видеоүндеуінде.

Бұған қоса ол сол күні Ресей күштері тағы да соғысқа қатысы жоқ нысанға шабуылдағанын – «Шахед» дроны Черкасск облысындағы газбен жабдықтау жүйесін нысанаға алғанын айтты.

«Әрбір жаңа күн – Мәскеуге осы соғысты аяқтауға мәжбүр ететіндей қысымды күшейту қажет екендігінің айқын дәлелі, бұл соғыс Ресейдің өзіне ғана керек. Біз, Украина халқы, бұл соғысты бір сәтке де қалаған жоқпыз және бейбітшілік орнатуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесе алатын барлық серіктестермен тезірек жұмыс істеуге әрқашан дайын екенімізді үнемі мәлімдеп келеміз. Ал Ресей мұндай күш-жігерді ылғи жоққа шығарып, халықаралық қауымдастыққа манипуляция жасап, АҚШ-ты да алдауға тырысып бағуда», – деді Зеленский.

Бұдан алдын Ресей президенті Владимир Путин 8 мамыр — 11 мамыр аралығында атысты уақытша тоқтату режимін жариялаған. Путин үш күндік режимді Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығына орай ұсынған. Ресей әскері 8-11 мамырда барлық әскери әрекетті тоқтататыны айтылған.

Келесі
Ресей басшысы Волгоград әуежайына советтік қала  атауын берді

Ресей басшысы Волгоград әуежайына советтік қала атауын берді

Соңғы жазбалар

Қытайға барған азаматтың ұсталуына Қазақстанда қарсылық білдірген 12 адам қамалды

Қытайға барған азаматтың ұсталуына Қазақстанда қарсылық білдірген 12 адам қамалды

15 ноября, 2025
Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

13 ноября, 2025
Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

11 ноября, 2025
Ғалым Доскен дүниеден өтті

Ғалым Доскен дүниеден өтті

11 ноября, 2025
ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

10 ноября, 2025
Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

7 ноября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.