• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Қазақстан іздеу салған Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
15 апреля, 2025
Қазақстан іздеу салған Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды
Share on FacebookShare on Twitter

Сәуірдің 14-інде Черногорияда қазақстандық «Не Молчи» қорының жетекшісі Дина Смайылова (Тәңсәрі) ұсталған. Бұл туралы ол өзінің телеграм-арнасында айтты. Смайылованың сөзінше, қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. 15 сәуірде оны Қазақстанға экстрадициялау бойынша сот өтпек.

Смайылова құрған «Не Молчи» қоғамдық қоры Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің құқығын қорғаумен айналысады. Қор анықтаған зорлық-зомбылық оқиғалары Қазақстанда резонанс тудырған. «НеМолчи.kz» тұрмыстық және жыныстық зорлық көрген әйелдерге мыңдаған онлайн кеңес берген. Қор жұмысы нәтижесінде жыныстық зорлық көрсетті деп айып тағылған ондаған адам сотталды. Ондаған полицей әрекетсіздік және жұмысқа немқұрайлы қарағаны үшін жауапқа тартылып, 200-ден астам полицей тәртіптік жазаға тартылды.

Ішкі істер министрлігі 2023 жылдың соңында Дина Смайылованың үстінен алты қылмыстық іс қозғалғанын, олардың арасында «алаяқтық», «көрінеу жалған ақпарат тарату» мен «жеке өмірге қол сұқпау құқығын бұзу» баптары барын мәлімдеген. Прокуратура қор мен Смайылованың есепшоттарын бұғаттаған.

Смайылова үш жылдан аса уақыттан бері отбасымен бірге шетелде тұрып жатыр. Қазақстан оған халықаралық іздеу жариялаған еді.

Смайылова бұған дейін әлеуметтік желіде «НеМолчи.kz» қорына ақша аударған қазақстандықтарды полиция тергеуге шақырып, алаяқтық туралы арыз жазуға көндіруге тырысып жатқанын айтқан. Оның ойынша, билік тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтерген қорды жапқысы келеді.

Ал Human Right Watch ұйымы «Биліктің Смайыловаға қарсы белсенді іс-қимылға көшуі − қылмыстық әрекетті жоюдан гөрі оның ұйымының заңды жұмысын қаралау әрекетіне көбірек ұқсайды» деп, істі әділ тергеуге шақырған.

Келесі
Шеттің соты Дина Таңсәріні Қазақстанға беруден бас тартты

Шеттің соты Дина Таңсәріні Қазақстанға беруден бас тартты

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.