• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Шерзат Полаттың қазасы. Іс бойынша негізгі сот процесі 17 сәуірге белгіленді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
11 апреля, 2025
Шерзат Полаттың қазасы. Іс бойынша негізгі сот процесі 17 сәуірге белгіленді

Фото: Азаттық радиосы

Share on FacebookShare on Twitter

Талдықорғанда жасөспірім Шерзат Полаттың қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша алдын ала сот отырысы өтіп, судья негізгі сот процесін 17 сәуірге сағат 10-ға белгіледі. Бұл іс бойынша түрлі айып тағылған 9 адамның арасында кәмелетке толмаған жасөспірім де бар.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Бейсенбі, 10 сәуір күні Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Алматы облысы Талғар ауданында кісі қолынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдауға жәбірленуші және айыпталушы тараптар, журналистер, блогерлер мен бақылаушылар қатысты.

Алдын ала сот тыңдауына төрағалық еткен судья Ержан Жанұзақов процесс өтетін залда орын шектеулі болғандықтан БАҚ өкілдері сот барысын монитормен жабдықталған жеке бөлмеден бақылай алатынын, ал сот залынан тікелей трансляция жүргізуге, сондай-ақ сотталушыларды фото мен видеоға түсіруге және жариялауға тыйым салынатынын хабарлап, оны бұзған жағдайда жауапкершілік жүктелетінін ескертті.

Судья сот отырысы Жоғарғы соттың YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіліп жатқанынан хабардар етті.

Бұған дейін Шерзат Полаттың өлімі бойынша сот процесі қазақ тілінде ашық өтеді деп хабарланған. Судья орысша сөйлейтін адамдарға қазақ тілінен аудармашы қызметі ұсынылатынын айтты.

Осыдан кейін мемлекеттік айыптаушы сөз алып, қылмысты сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша дайындалған айыптау актісін оқыды. Онда былтыр 4 қазанда Алматы облысы Талғар ауданында пышақталып қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне байланысты 9 адамға түрлі бап бойынша айып тағылғаны жазылған. Сотқа дейін бұл қылмыстық іс бойынша 11 күдікті бар деп айтылған-ды.

Ал Талдықорғандағы сот залына 9 сотталушы әкелінді. Прокурор оларға қандай айып тағылғанын жария етті.

  • Абзал Шынасыл – «Адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі), «Адам өлтіруге оқталу» (24-баптың 3-бөлігі), «Бұзақылық» (293-баптың 3-бөлігі);
  • Равиль Сакиев – «Адам өлтіруге оқталу» (24-баптың 3-бөлігі), «Адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі), «Бұзақылық» (293-баптың 3-бөлігі);
  • Азамат Тоқтаубаев – «Бұзақылық» (293-баптың 3-бөлігі), «Ұрлық» (188-баптың 1-бөлігі);
  • Шыңғыс Белғожаев – «Бұзақылық» (293-баптың 3-бөлігі);
  • Дархан Әскентаев – «Бұзақылық» (293-баптың 3-бөлігі);
  • Нұрқияс Ілиясов – «Бұзақылық» (293-баптың 3-бөлігі);
  • Дидар Қалиахмет – «Бұзақылық» (293-баптың 3-бөлігі);
  • Нұрбол Тоқтаубаев – «Бұзақылық» (293-баптың 3-бөлігі) бойынша

және кәмелетке толмаған бір жасөспірімге «қылмыс туралы хабарламаған» (434-бап) деген айып тағылған.

Шерзат Полаттың қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс бас-аяғы 62 томнан тұрады.

Келесі
Қазақстан іздеу салған Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды

Қазақстан іздеу салған Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.