• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Назарбаевтың биліктен кеткеніне 6 жыл толғанда. Мәжіліс Тоқаевты мақтады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
22 марта, 2025
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

«Президенттің саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңі» тақырыбында өткен мәжіліс отырысында академик Асқар Жұмаділдаев президентті бастан аяқ мақтады.

Бұл туралы Ulysmedia хабарлап отыр. Мәжіліс отырысы 19 наурызда елді 30 жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кеткеніне 6 жыл толуына байланысты өткен.

«Мен Қасым-Жомарт Кемелұлының екі ерлігін айтқым келеді. Біріншіден, 2022 жылы үлкен сын келді. Қазақ мемлекетінің шаңырағы шайқалды, бірақ құлаған жоқ. Алматы өртке оранды. Тоқаев сертінен таймады. Туды құлатпады, берік ұстады. Бұл – Қасым-Жомарт Кемелұлының бірінші ерлігі», — деген академик президент ғылымға да көңіл бөлді деп есептейді.

«1946 жылы Ұлттық ғылым академиясы құрылды. Яғни Кеңес одағының қиын кезеңінде іргесі қаланды. Академияның тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев орасан зор жұмыс атқарған. Сол кезде ашылған кеш орындары бүгінгі қазақ қазынасына 90 пайызын беріп тұр. Аталған кезеңде салынған электр стаснсалары әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Бұл өз кезегінде ғылым мен білімнің не екенін адамзатқа көрсетіп отыр… Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы құлаған академияны қайта тұрғызды. Академия кезінде «мемлекет ішіндегі мемлекет» болған», — деген Асқар Жұмаділдаев мұны президенттің екінші ерлігіне балап отыр.

Академик Ғылым академиясының бұрынғы әлеуетін қалпына келтіруге шақырады.

«Алға ілгерілеу қажет. Академия жұмысының жаңа принципін орнатуымыз керек. Ол үшін қаржыландыру мен ғылыми институттар құру мәселесін толыққанды шешу маңызды»,- дейді ол.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та бұған дейін «президенттің саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңі» тақырыбында баяндама жасаған еді. Қошановтың айтуынша, елде 30 жыл бойы суперпрезиденттік жүйе болып, үш жыл бұрын оның сеңі бұзылған. Қошанов президенттің пәрменімен елде көптеген реформалар жүргізіліп, әділ сайлаудың арқасында парламент жасақталып, елге активтерді қайтару жұмыстары жүргізілгенін айтады. Оның сөзінше президентті сайлау мерзімі өзгеріп, ауыл, аудан әкімдерінің сайлауы басталған. Дәрігерлер мен мұғалімдердің айлығы өсіп, студенттердің шәкіртақысы өскен.

Қошанов та Қаңтар оқиғасына тоқталып, сол тақырыпта «екі рет парламенттік тыңдау өткізіліп, тергеу органдарының мәліметтері бүкпесіз жарияланды, ел көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап берілді» деді.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Атышулы Машкевич дүниеден өтті. Президент көңіл айтты

Атышулы Машкевич дүниеден өтті. Президент көңіл айтты

Соңғы жазбалар

«Ұсталғаны» айтылып, жоққа шығарылған министрдің кездесу өткізгені хабарланды

Президент «ұсталған» министрін Ақордаға алдыртты

26 сентября, 2025
Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

26 сентября, 2025
Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

24 сентября, 2025

24 сентября, 2025
Митингіні қуып таратушы полицей Жамбылдағы қызметінен де босады

Митингіні қуып таратушы полицей Жамбылдағы қызметінен де босады

23 сентября, 2025
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

4 миллиард долларлық сауда. Трамп Тоқаевты құттықтады

23 сентября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.