• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бәтуа ма, бітім бе? Трамп пен Путин Украинаны талқылады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
19.03.2025
Бәтуа ма, бітім бе? Трамп пен Путин Украинаны талқылады
Share on FacebookShare on Twitter

АҚШ және Ресей президенттері 18 наурызда телефон арқылы сөйлесті. Президенттер Украина аймағында қалыптасқан жағдай туралы пікір алмасты. Бұл — олардың соғыс мәселесіне қатысты телефон арқылы екінші сөйлесуі.

Kazinform агенттігінің хабарлауынша,  Владимир Путин Дональд Трампқа атысты тоқтату мақсатының орындалуына ықпал етуге деген ұмтылысы үшін ризашылығын білдірді.

Хабарламада Путин Дональд Трамптың 30 күндік энергетикалық инфрақұрылымға шабуыл жасамау жөніндегі бастамасына қолдау білдіріп, бірден әскерге тиісті бұйрық берілген.

Сонымен қатар ол 19 наурыз күні «175 на 175» форматында кепілдегі сарбаздар алмастырылатынын хабарлады. Мәскеу ауыр жараланып, Ресей ауруханаларында ем алып жатқан 23 украин сарбазын еліне қайтаратынын айтты.

АҚШ пен Ресей Украинадағы шиеленісті реттеу үшін сарапшылар тобын құрмақ.

Екі ел президенті сонымен қатар халықаралық деңгейдегі мәселелерді де  талқылады. Оның ішінде АҚШ-тың хуситтерге қарсы операция жүргізіп жатқан Қызыл теңіз бен жалпы Таяу Шығыстағы жағдай да бар.

«Шиеленіс аймақтарындағы жағдайды тұрақтандыруға, ядролық қаруды таратпау мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бірлесіп, күш жұмылдырылады. Бұл Ресей-Америка қарым-қатынастарын оңалтуға ықпал етеді», — делінген Кремль хабарламасында.

Путин шиеленісті бейбіт жолмен шешуге бейіл екендігін білдіріп, осы бағыттағы шешімдерді АҚШ-пен бірге бүге-шігесіне дейін дайындауға дайын екенін жеткізді және бұл шешімдер кешенді, тұрақты және ұзақмерзімді болуы керек дегенге саяды.

Тараптар сонымен қатар екіжақты қарым-қатынасты жетілдіруге мүдделі екендіктерін мәлімдеді. Президенттер осы талқыланған мәселелер бойынша байланыста болуға келісті.

Tags: News
Келесі
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

Назарбаевтың биліктен кеткеніне 6 жыл толғанда. Мәжіліс Тоқаевты мақтады

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.