• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Қысқарту қарқынынан соң. Журналистерді қорғау комитеті Конгрессті USAGM-ді қорғауға шақырды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
16 марта, 2025
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists) АҚШ-тың Конгресс жетекшілерін USAGM-ді Трамптың пәрменінен қорғауға шақырды.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

«Бүкіл әлемдегі авторитарлық режимдердің нарративтеріне қарсы тұрып келген, тәуелсіз журналистиканы қолдайтын, Конгресс қаржыландыратын агенттікті Ақ үйдің жоюға тырысып жатқаны ашындырады» деді комитеттің бағдарламалық директоры Карлос Мартинес де ла Серна 15 наурыз күнгі мәлімдемесінде.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп жеті федералдық агенттікте қысқарту жүргізуге бағытталған жарлыққа қол қойған. Қысқарту ұсынылған мекемелер арасында Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясы және өзге де ақпарат таратушыларға жетекшілік жасайтын АҚШ-тың ғаламдық медиа жөніндегі агенттігі де (USAGM) бар.

Құжатқа қарағанда, бұйрық шығарылған күннен бастап 7 күн ішінде әрбір агенттіктің жетекшісі президент әкімшілігінің бюджет басқармасына Трамптың жарлығын орындап жатқанын куәландыратын есеп беруі керек.

Осы аптаның соңында Трамптың жарлығы жарияланғаннан кейін бірнеше сағаттан соң ақпарат құралдары Азат Еуропа/Азаттық радиосын қаржыландыруға бағытталған Конгресс мақұлдаған гранттың тоқтатылғаны жөнінде USAGM-нің хатын таратты.

Хатқа қызметін USAGM-нің бас директоры міндетін атқарушының аға кеңесшісі ретінде көрсеткен, бас директордың міндетін атқарушы қызметі жүктелген Кари Лейк қол қойған.

Трамп Лейкті «Америка дауысының» жетекшісі қызметіне ұсынған. Десе де, оның кандидатурасын хабар тарату жөніндегі халықаралық консультативтік кеңес (International Broadcasting Advisory Board) мақұлдауы керек.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиа корпорациясының президенті әрі бас атқарушы директоры Стивен Капус осыған қатысты реакция білдіріп, грантты тоқтату «Американың жауларына үлкен сыйлық болатын болды» деді.

«Ирандағы аятоллалар, қытайлық коммунистік басшылар және Мәскеу мен Минскідегі автократтар 75 жылдан кейін Азат Еуропа/Азаттық радиосының таратылғанын тойлайтын болды. Қарсыластарымыздың қолына жеңісті тапсыру оларды күшті етіп, Американы әлсіретеді» деді Стивен Капус мәлімдемеде.

«Біз Азат Еуропа/Азаттық радиосының даңқты тарихында екі партияның қуатты қолдауына ие болып келгенбіз. Бізсіз, апта сайын шынайы ақпарат алу жағынан бізге зәру жабық қоғамдардағы шамамен 50 млн адам Америка мен әлем жайлы шындыққа қол жеткізу мүмкіндігінен айырылады,»- деді Капус.

USAGM — апта сайын 360 миллионнан астам адамға 50-ге жуық тілде хабар тарататын жаңалықтық ұйымдарды қадағалайтын АҚШ-тың тәуелсіз мемлекеттік агенттігі.

USAGM-нің 2025 жылға арналған бюджеттік өтінімі 950 миллион долларды құрайды. 

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Шымбұлақта көшкен қардың астында қалған шаңғышы мерт болды

Шымбұлақта көшкен қардың астында қалған шаңғышы мерт болды

Соңғы жазбалар

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

12 августа, 2025
«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

8 августа, 2025
Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

6 августа, 2025
АҚШ Иранның Ресейге зымыран жеткізуінен сескенеді

Мәскеу орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарын қолға алатынын айтты

6 августа, 2025
Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

5 августа, 2025
Сара Назарбаеваның жағдайы жайлы ресми хабарланды

Сара Назарбаеваның ем қабылдап жатқанына үшінші айға айналды

1 августа, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.