• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның Ресейге көмектесуі мүмкін екендігін жоққа шығармады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
08.03.2025
Ақыры Армения ҰҚШҰ-дан шығатынын жариялады
Share on FacebookShare on Twitter

Украинада Еуропаның бітімгер әскерін орналастыру аймақтағы жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін деді Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ресейлік «Известия» басылымына берген сұхбатында.

«Осы күнге дейін бұл (Еуропаның әскері) контингент ресми түрде болмаған. Бұл аймақта қауіпті жағдай тудыруы мүмкін» деді Тасмағамбетов.

«Мұндай қатер туындай қалса, ҰҚШҰ ұйымның жарғылық құжаттары аясында, ұйымға мүше мемлекеттердің барлығымен келісе отырып түрлі көмек нұсқаларын ұсынуға дайын болады» деді ол.

Оның айтуынша, «экономика мен әлеуметтік салада өршіп жатқан негатив құбылыстардан шаршаған халық өз үкіметтерінің мұндай шешімін қолдай қоюы да екіталай».

Тасмағамбетов сұхбатта Францияның ядролық держава ретінде Еуропа елдерін «ядролық қалқаға» алу туралы ұсынысына да пікір білдірген. Ол Францияның саяси билігі осындай ұсыныс арқылы «Еуропадағы өзінің позициясын нығайтқысы келеді» деді.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі бұған дейінгі сұхбаттарында да Кремльдің Батысқа қарсы тұжырымдарын қайталаған еді. Былтыр күзде Ресей басшысы Владимир Путин Астанадағы ҰҚШҰ саммитінде Украинаға «Орешникпен» тағы соққы жасайтынын айтып, Киевті де нысанаға алуы мүмкін екенін айтып сес көрсеткен. Ізінше Тасмағамбетов Ресей астанасында өткен баспасөз жиында Батыс елдеріне қатысты «дос емес елдер» тіркесін пайдаланып, НАТО-ның Ресей мен Беларусьқа «гипотетикалық шабуылы» туралы айтқан.

2024 жылғы 28 қарашада ҰҚШҰ-ның Астанада өткен саммитіне қатысқан Ресей президенті Владимир Путин «Орешник» баллистикалық ракетасымен «Киевтегі шешім қабылдайтын орталықтарға» соққы жасалуы мүмкін екенін айтып, сес көрсеткен.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы — 1992 жылы негізі қаланған, құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіретін әскери-саяси ұйым. Жарғысы бойынша, ұйымға мүше елдердің біріне шабуыл жасалған жағдайда басқа елдерден оған әскери көмек көрсетеді. Таулы Қарабақ төңірегінде Әзербайжанмен арадағы қақтығыс кезінде «көмек көрсетпегені» үшін Армения премьер-министрі 2024 жылы бұл ұйымнан шығатынын мәлімдеген. ҰҚШҰ жалғыз мәрте — 2022 жылғы қаңтарда Қаңтар оқиғасы кезінде стратегиялық маңызды нысандарды «террористерден» қорғау үшін Қазақстанға аз уақытқа әскер кіргізген.

Иманғали Тасмағамбетов – Қазақстан  билігінде лауазымды қызметтер атқарған адам. Ол әр жылдары Атырау облысының, Алматы және Астана қалаларының әкімі, қорғаныс министрі және Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметтерін атқарған. 2002-2003 жылы премьер-министр болған. 2023 жылғы қарашадан штаб-пәтері Мәскеуде орналасқан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы.

Келесі
USAID қатты қысқарды

USAID қатты қысқарды

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.