• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Oi-Qaragai курортында жаңа демалыс орыны — Aqtas локациясы ашылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
6 марта, 2025
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы таңында Oi—Qaragai курортында заманауи арқан жолдары, биік таулы трассалары және таңқалдыратын табиғи пейзаждары бар бірегей орын — Aqtas локациясы ресми түрде ашылды.

Aqtas локациясының кәсіпкерлердің инфрақұрылымды әлемдік стандарттар деңгейінде дамытуға және халықаралық жарыстарды қабылдауға дайын екенін көрсететін кең ауқымды жоба екені айтылады. Локацияға қазірдің өзінде демалушыларды қабылдауға дайын. Курорттың негізін қалаушы Ерлік Балфанбаев Aqtas локациясының ашылуы бұрыннан бергі бір арманының орындалуы болғанын айтады.

 — Бұл – мен үшін әсерлі күн. Aqtas-ты алғаш рет 15 жыл бұрын көрген едім және сол кезде адамдар оның әсемдігін тамашалай алуы үшін бұл жерді қолжетімді ету жайлы арман пайда болды. Бұл жердің қары қалың, сырғанау үшін керемет жағдайлар бар. Қазір біз алғашқы трассаларды салдық. Осы арманға жету жолы 15 жылға созылды. Көп еңбек жұмсалды, уайымдау, күйзелулер болды, бірақ жеңістер де болды. Бұл жоба көптеген адамдардың – Oi-Qaragai командасының, жобалаушылардың, құрылысшылардың, әріптестер мен жеткізушілердің күш-жігерінің арқасында жүзеге асты. Жобаның іске асуына көп адам ат салысты және достар, барлықтарыңызға көп рақмет айтамын, — дейді ол. Айтуынша, енді бұл локацияның спортшылар, туристтер мен қысқы демалысты жақсы көретіндер үшін жиналу орталығына айналуы күтіледі.

Бұл жердегі Aqtas арқан жолдары технологиялық жаңалық ретінде аталып отыр.Жоба әлемдік жетекші өндіруші Doppelmayr-дың қатысуымен жүзеге асты. Оның іске қосылуы Қазақстандағы тау шаңғысы инфрақұрылымын дамыту үшін жаңа белестерді ашады деп күтіледі. 2024 жылдың 6 маусымы мен 2025 жылдың 1 наурызы аралығында екі жол салынды – 10 кісілік гондолды арқан жолы және 6 кісілік креслолы арқан жолы.

Doppelmayr компаниясының ресми өкілі Маркус Гайсбауэр бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтті.

 — Бұл жобаны бірге күш салып отырып, рекордты мерзімде іске асырғанымызға ерекше қуаныштымыз. Doppelmayr үшін бұл осы жылдағы аса маңызды жұмыстардың бірі болды. Бізге сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз және Aqtas жолы мыңдаған адамға қуаныш сыйларына сенеміз. Арқан жолының сәтті қолданыста болуын және оны пайдаланатын адамдардың барлығына жанға жағымды әсер алуын тілейміз, — дейді Маркус Гайсбауэр.

Aqtas локациясыың ашылуы – бұл жай ғана жаңа трасса немесе көтергіш емес, бұл бүкіл тау туризмін дамытудағы стратегиялық қадамы ретінде аталып отыр. Енді Қазақстанда Азия мен әлем чемпионаттарын қоса алғанда, халықаралық жарыстарды қабылдауға қабілетті тағы бір локация бар деп есептеуге болады.

Oi-Qaragai курортының бас директоры Дмитрий Матяс бұл оқиғаның индустрия үшін маңыздылығын баса айтты.

 — Барлығын аты-жөндері бойынша атап шыққым келген, бірақ бұл кем дегенде бір сағат уақыт алатынын түсіндім. Барлық сәулетшілерге, құрылысшылар мен бұл жобаға қатысқан барша адамға шексіз алғысымды білдіремін. Мұны іске асыру мүмкін болмады, бірақ біз соны істей алдық!- деді ол.

Айтуынша, Aqtas локациясының іске қосылуы жаңа кезеңнің басталуы деп саналады. Жақын арадағы жылдарда бұл жерде спорттың жаңа түрлері дамытылады, қосымша трассалар пайда болады, ал Қазақстан қысқы демалыс пен спорттың заманауи орталығы ретіндегі өз беделін нығайта түседі.

«Бүгін біз жай ғана Aqtas локациясын ашып жатқан жоқпыз  – біз қазақстандық тау шаңғысы туризмінің болашағын өзгертіп отырмыз,- деді ол. .

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Ақыры Армения ҰҚШҰ-дан шығатынын жариялады

Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның Ресейге көмектесуі мүмкін екендігін жоққа шығармады

Соңғы жазбалар

«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

8 августа, 2025
Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

6 августа, 2025
АҚШ Иранның Ресейге зымыран жеткізуінен сескенеді

Мәскеу орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарын қолға алатынын айтты

6 августа, 2025
Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

5 августа, 2025
Сара Назарбаеваның жағдайы жайлы ресми хабарланды

Сара Назарбаеваның ем қабылдап жатқанына үшінші айға айналды

1 августа, 2025
«Әуежайды басып алу ісімен» сотталған Әйгерім Тілеужанның микро-инсульт алғаны хабарланды

Әйгерім Тілеужанның 1 жыл 7 айы қалды. Депутат жағдайын білді

31 июля, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.