• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Франция ядролық қауіп төнсе, одақтастар қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
06.03.2025
Франция ядролық қауіп төнсе, одақтастар қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін

Фото: REUTERS

Share on FacebookShare on Twitter

Франция президенті Эммануэль Макрон сәрсенбі күні кешке телеарналардан мәлімдеме жасап, Ресейдің Еуропаға төндіріп отырған қаупі мен АҚШ саясатының өзгеру ықтималдығына орай ядролық держава Францияның ЕО елдерінің қауіпсіздігіне кепілдік беру мәселесін талқыға шығаратынын мәлімдеді.

Азаттық радиосының хабарлауынша, бұған дейін бірқатар БАҚ Франция ядролық қару тасымалдай алатын бірнеше жойғыш ұшағын Германияға орналастыруға дайын екенін жазған. Егер АҚШ Еуропадағы әскерін азайтса немесе әскерін мүлде әкетсе, онда бұл ЕО-ның өзге елдері Америка емес — Францияның «ядролық қалқасында» қалады дегенді білдіреді.

Германияның канцлерлігіне үміткер Фридрих Мерц бұған дейін «ядролық қатысу» тетіктерін қайта қарастыру қажеттігін алға тартқан. Қазір соғыс жағдайында неміс ұшақтары Американың ядролық оқтұмсықтарын пайдалана алатын режим күшінде. Мерцтің сөзінше, Франция Германияға жаңа ядролық қатысу режимін талқылауды ұсынған. Париж ядролық бағдарламалардың қымбаттығына байланысты әріптестікке ынта білдірген. Дегенмен неміс үкіметі бұған келіспеген. Мерцтің сөзінше, АҚШ немесе Ресейге қарағанда Париж бен Лондонның ядролық әлеуеті әлсіздеу.

Макронның мәлімдемесінен бір күн бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресс алдында екінші мерзіміндегі алғашқы жолдауын жариялаған. Ол Украина президенті Владимир Зеленский соғысты аяқтау үшін Ресеймен келіссөз жүргізуге, Вашингтонмен сирек минералдар жөнінде келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеген. Ол Зеленскийден хат алғанын, оның келіссөзге құлықты екенін айтқан.

«Бүгін Украина президенті [Владимир] Зеленскийден маңызды хат алдым. Хатта: «Украина ұзақмерзімді бейбітшілікті жақындата түсу үшін келіссөз үстеліне мейлінше тез оралуға дайын. Бейбітшілікті украиналықтардан артық қалайтын ешкім жоқ» деп жазылған» деген Трамп хаттан үзінді келтіріп.

Келесі
Oi-Qaragai курортында жаңа демалыс орыны — Aqtas локациясы ашылды

Oi-Qaragai курортында жаңа демалыс орыны - Aqtas локациясы ашылды

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.