• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

ҚБТУ Назарбаевтардан қайтарылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
6 марта, 2025
Басты бет Әлеумет
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандық БАҚ Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университеті мемлекет меншігіне өткенін хабарлады. Қаржы есебінің депозитариіне сілтеген баспасөз құралдары 27 ақпаннан бастап университетке «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» иелік ететінін жазды.

Депозитарий дерегінде «Қазақстан-Британ техникалық университеті» акционерлік қоғамы осыған дейін «Нұрсұлтан Назарбаев білім қорына» тиесілі болғаны көрсетілген. Қордың негізін қалаушы және құрылтайшысы – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші қызы Динара Құлыбаева.

Азаттық радиосының сауалынауУниверситеттің бұқарамен байланыс жөніндегі қызметкері бұл ақпаратты телефонмен растай алмайтынын айтып, сауал-хат жолдауды сұрады.

Forbes басылымы Динара Құлыбаева мен күйеуі Тимур Құлыбаевты Қазақстанның ең ауқатты адамдары деп жазып, ерлі-зайыптының жиынтық байлығын 10 млрд долларға бағалаған.

2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында мемлекеттің байлығы санаулы адамдардың қолында шоғырланды деп, шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөнінде бастама көтерген. Сөйтіп 2023 жылғы күзде Қазақстан үкіметі «Қайтарылған активтерді басқару компаниясын» құрды.

Биыл ақпанның басында Bloomberg басылымы Тимур Құлыбаев Қазақстан үкіметіне 1 млрд доллар төлеу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр деп хабарлаған.

Қазақстанды тәуелсіздік алғалы басқарып келген Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда президенттіктен кетіп, орнына сол кездегі сенат спикері әрі көп жылғы серігі Қасым-Жомарт Тоқаевты қалдырған. Бірақ өзі президенттіктен кеткенімен Назарбаев мемлекеттік басқару органына ықпалы зор қауіпсіздік кеңесінің төрағасы лауазымын және өзге де қызметтері мен атақтарын сақтап қалды. Сол себепті елде қосбилік орнады деген сөз көбейді.

2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік кеңесі төрағалығынан кетіп, жоғарғы билік тұтастай Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолына өтті. 2019-2022 жылдары Қазақстанда қос билік болғанын Тоқаев кейінгі жылдары ашық айтып жүр.

Қаңтар оқиғасынан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мен Назарбаевтар әулетінің құдасы болған Қайрат Боранбаевтың үстінен қылмыстық істер қозғалды. 2024 жылғы тамызда жемқорлықпен күрес агенттігі Қайрат Сатыбалды елге 1,6 млрд доллар қайтарды деп хабарлады. 2023 жылғы қыркүйекте қаржы мониторинг агенттігі Боранбаевтың өз еркімен елге 120 млрд теңге қайтарғанын мәлімдеген.

Осы күнге дейін ҚБТУ Динара Құлыбаеваның университеті саналған. Биыл қаңтарда бұрынғы парламент үйінде орналасқан университеттің шатыры өртенген еді.

Қазақстан-Британ техникалық университеті 2001 жылы құрылып, елдегі ең беделді жоғарғы оқу орындарының біріне айналған. Университет Қазақстан білім және ғылым министрлігінің қарамағында болып, әріптестердің қатарына Ұлыбритания елшілігі мен Британ кеңесі кірді.

2003 жылы оқу орны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына өтсе, 2018 жылы жекешелендіріліп, «Нұрсұлтан Назарбаев білім қорының» меншігіне айналған.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Франция ядролық қауіп төнсе, одақтастар қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін

Франция ядролық қауіп төнсе, одақтастар қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін

Соңғы жазбалар

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

12 августа, 2025
«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

8 августа, 2025
Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

6 августа, 2025
АҚШ Иранның Ресейге зымыран жеткізуінен сескенеді

Мәскеу орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарын қолға алатынын айтты

6 августа, 2025
Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

5 августа, 2025
Сара Назарбаеваның жағдайы жайлы ресми хабарланды

Сара Назарбаеваның ем қабылдап жатқанына үшінші айға айналды

1 августа, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.