• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Ақтаудағы апат. Оқиғаның есебі 40 күннен соң жарияланды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
5 февраля, 2025
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

Көлік министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты бойынша тергеу қорытындыларының есебін жариялады. 

Бұл туралы Kazinform хабарлады.

Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағымен болған оқиға себептері Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің есебінде мәлім етілген.

Алдын ала есепте әзірге авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссияға келіп түскен қолда бар мағлұмат жазылған. Ұсынылған ақпарат алдын ала жазылғандықтан, барлық материал зерттеу нәтижелері бойынша нақтылануы және толықтырылуы мүмкін. Жұмыс аяқталғаннан кейін авиациялық оқиғаны тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті есеп дайындалады.

Осылайша, құжатта атап өтілгендей, 2024 жылдың 25 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша сағат 11:28-де (06:28 UTC) Ақтау әуе айлағының 11-ші ұшу-қону жолағына қону кезінде «Әзербайжан Хава Йоллары» — «Azerbaijan Airlines» ЖАҚ иелік ететін Embraer 190-100 IGW2 4K-AZ65 ұшағы авиациялық апатқа ұшырады. Әуе кемесі Баку (UBBB)-Грозный (URMG) бағыты бойынша тұрақты J2– 8243 жолаушылар рейсін орындаған. Грозный аэродромына екі рет қона алмағандықтан экипаж Бакуге оралуды ұйғарған.

Әрі қарай, 05:13:31-де CVR-ден алынған жазбаларда дыбыстық соққы тіркелген, автопилотты («AUTO PILOT») және автоматты тартуды (RI «Throttle») өшіру туралы дыбыстық дабыл іске қосылған. Қайту процесінде сағат 05:13:32-де ұшақтың негізгі басқару жүйелері жоғалған.

05:13:34 – 3-ші гидрожүйедегі қысым 0 PSI-ге дейін төмендеген. 3-ші гидрожүйедегі сұйықтық деңгейі 0%-ға дейін төмендеген. Басқару рульдері нөлдік күйде бекітіледі және ұшу аяқталғанша осы қалыпта қалған.

05:13: 36 –тангаж бойынша әуе кемесін триммерлеу жүйесінің істен шығуы тіркелген.

05:13: 39 – FDR мәліметтері бойынша, кабинаның разгерметизациясы басталғаны (саңылаудың пайда болуы) тіркелген.

05:13:47 – «HYD 2 LOW PRESS» дабылы іске қосылған. 1-ші гидрожүйедегі қысым 0 PSI-ге дейін, сұйықтық деңгейі 0%-ға дейін төмендеген.

05:14: 58 — CVR мәліметтері бойынша, ішкі байланыс командирі жағдайды нақтылау үшін кабина экипажына хабарласқан: «Алло, не боп қалды?». Бортсерік: «2 орындық жарылды, мен… келе алмаймын, өйткені жолаушылар орнынан тұрып кетті, соларды отырғызып жатырмын», — деген.

Сағат 05:42-де экипаж апатты түрде қону үшін Ақтау қосалқы әуе айлағына бару шешімін қабылдаған.

Ұшақ бортында 5 экипаж мүшесі мен 62 жолаушы болған. Авиациялық оқиға салдарынан әуе кемесінің командирі, екінші ұшқыш, аға бортсерік және 35 жолаушы (барлығы 38) қаза тапты, 2 бортсерік және 27 жолаушы түрлі дәрежеде дене жарақатын алды. Жерге соқтығысу кезінде ұшақ қирап, ішінара өртенген.

Тексеру жұмыстарына ұшақты жасаған ұйымның (Embraer S.A., Empresa Brasileira de Aeronautica S.A.) және «Әзербайжан Хава Йоллары» ЖАҚ («Azerbaijan Airlines») әуе компаниясының өкілдері қатысуда.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын.

Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалған еді.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Вице-премьер былтырғы шегірткені бүгін еске алды

Маск министрге өз идеясын ұсынды ма? Шенеуніктің сөзі бұрмаланды

Соңғы жазбалар

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

12 августа, 2025
«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

8 августа, 2025
Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

6 августа, 2025
АҚШ Иранның Ресейге зымыран жеткізуінен сескенеді

Мәскеу орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарын қолға алатынын айтты

6 августа, 2025
Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

5 августа, 2025
Сара Назарбаеваның жағдайы жайлы ресми хабарланды

Сара Назарбаеваның ем қабылдап жатқанына үшінші айға айналды

1 августа, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.