• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

47 президент. Тағы сайланған Трамп қызметіне кірісті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
23 января, 2025
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-ші президенті ретінде қызметіне кірісті. Онымен бірге Джей Ди Венс ант беріп, АҚШ-тың вице-президенті қызметін бастады. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

АҚШ конституциясы бойынша, Джо Байденнің президенттігі 20 қаңтарда Вашингтон уақытымен сағат түскі 12:00-де аяқталып, сол уақытта Дональд Трамп қызметіне кірісті. Трамп екінші рет президенттікке ант берді. Ол 2017-2021 жылдары АҚШ-тың 45-ші президенті міндетін атқарған еді.

«Америка Құрама Штаттарының президенті міндетін адал ниетпен атқаруға, АҚШ-тың Конституциясын қолымнан келгенше сақтап, қорғауға салтанатты түрде ант етемін» деді ол.

Трамп қызметіне кірісе салысымен Ақ үйдің веб-сайты жаңарып, онда жаңа президенттің суреті мен «Америка қайта оралды» деген жазу пайда болды.

«АҚШ-тың алтын ғасыры дәл қазір басталды. Бүгіннен бастап біз гүлденеміз, барлық ел бізге қызғана қарайтын болады» деді Дональд Трамп президент ретінде сөйлеген сөзінде. Ол Мексикамен шекарада төтенше жағдай жариялап, елді «басқыншылардан қорғау» үшін ұлттық гвардия әскерін жіберетінін айтты.

Бұған қоса ол бүгін «тарихи жарлықтар» шығаратынын мәлім етті. Reuters-тің жазуынша, ол федералдық деңгейде өлім жазасын қайта енгізіп, ресми деңгейде тек екі жынысты ғана мойындайтын және «гендерлік идеологияға» тыйым салатын жарлықтарға қол қоймақ.

Трамп «Мексика бұғазының атауын «Америка бұғазы» деп өзгертеміз» деп мәлімдеді. Бұған қоса, «Панама каналын қайтарамыз», «Марсқа АҚШ-тың туын тігеміз» деді. Трамп «әлемде бұрын болмаған күшті әскер жасақтайтынын», АҚШ әскерінің күші соғыстағы жеңістермен ғана емес, «соғыстарды алдын алғанымен» өлшенеді деп мәлімдеді.

«Егемендігімізді қайтарып, қауіпсіздігімізді нығайтамыз. Америка тарихта болмаған деңгейде ұлы елге айналады. Сенім дағдарысы, радикал көзқарастар, халықтың билігін тартып алған истеблишмент — мұның барлығы жойылады. Біздің үкіметіміз әлжуаз болды, ол шетелдердің шекарасын қорғауға көп ақша жұмсады, ал өз халқын назарға ілмей келді. Бұл тағы қайталануына жол бере алмаймыз. Денсаулық сақтау жүйеміз өз азаматтарымызға көмектесе алмайды, қаржы көп болғанына қарамастан, білім жүйесінде мұғалімдер жұмысын жек көреді. Мұның бәрі бүгіннен бастап және жылдам өзгереді. Американың құлдырауы тоқтайды» деді ол.

Трамп былтыр өзіне жасалған қастандықты еске салып, «Американы қайта ұлы елге айналдыру үшін өзін құдай сақтап қалғанын» айтты. Ол 2025 жылғы 20 қаңтарды «Америка азаттық алған күн», ал өзі жеңіске жеткен президент сайлауын «ел тарихындағы ұл күн» деп атады.

Трамп инфляцияны азайтып, баға өсімін тоқтатуға уәде берді. Американың өз елінде мұнай өндіруді арттыруға уәде берген ол: «Біз [кеніштерді] бұрғылаймыз» деді ол. Ол автокөлік өндірісін дамытып, газ өндіруді күшейтуге уәде берді әрі АҚШ өнеркәсібін дамыту үшін өз азаматтарына салықты азайтып, шетел тауарларына тарифті арттыруға сөз берді. Бұған қоса ол сырттан түсетін табысты басқаратын мекеме құратынын, ол мекеме «сыртқы көздерден қыруар қаражат жинайтынын» айтты. Бұған қоса үкімет жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа министрлік құрылады деді ол.

АҚШ басылымдарының жазуынша, Трамп — жүз жылдам уақыт ішінде инаугурация рәсіміне шетел басшыларын шақырған алғашқы президент. Бұған дейін бұл шараға дипломатиялық өкілдіктер басшылары мен елшілер қатысатын.

Вашингтондағы Капитолий сарайында өткен шараға АҚШ-тың бұрынғы президенттері Джо Байден, Билл Клинтон, Барак Обама және кіші Джордж Буш, бизнесмендер Джефф Безос, Тим Кук, Илон Маск және басқалар қатысты.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
«Енді адамдар өлмеуі керек!» Трамп Путинді тоқтамға шақырды

"Енді адамдар өлмеуі керек!" Трамп Путинді тоқтамға шақырды

Соңғы жазбалар

Кейбір жастар ғаламторда неше түрлі өсек жаза бастады — Президент

Кейбір жастар ғаламторда неше түрлі өсек жаза бастады — Президент

27 сентября, 2025

26 сентября, 2025
«Ұсталғаны» айтылып, жоққа шығарылған министрдің кездесу өткізгені хабарланды

Президент «ұсталған» министрін Ақордаға алдыртты

26 сентября, 2025
Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

26 сентября, 2025
Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

24 сентября, 2025
Қилы кезең: Жон арқадан ұрылған пышақ

Қилы кезең: Жон арқадан ұрылған пышақ

26 сентября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.