• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев жылына 1 рет Путинмен кездесетін Назарбаевпен айына 1 рет сөйлеседі

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
4 января, 2025
Туризмге — кедергі. Президент жол мен инфрақұрылымның нашарлығын енді көрді
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 қаңтарда «Ана тілі» газетінде жарияланған сұхбатында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты сынап, бірақ онымен айына бір рет телефон арқылы сөйлесіп тұратынын айтты.

Бұл сұхбатында ел басшысы бұрынғы президентті ақтағандай сөйлейді.

— Әрине, Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ жыл бойы ел тізгінін ұстаған уақытта кемшіліктер болды. Бірақ ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді. Ашығын айту керек, ол отставкаға кеткенімен, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болып отырған кезде саяси сыпайылықты сақтай бермейтін. Мұны да айта кеткен жөн. Үнемі Премьер-Министрді, Ұлттық банктің төрағасын, министрлерді, әкімдерді шақырып алып, жиналыс өткізетін. Бұған өз азаматтарымызды былай қойғанда, шетел басшылары мен дипломаттары да таңдана қарайтын. «Назарбаев қызметінен кеткен соң тіпті жоғарылады, енді Президент те оған бағынады» деген әзіл әңгіме де пайда болды. Ал, шын мәнінде, бұл әзілдейтін жағдай емес еді. Бұл жағдай қосарланған билік туралы алып қашпа әңгіменің өршуіне әкеп соқты. Шенеуніктер де кабинеттен кабинетке жүгіріп, кімнің тапсырмасын орындайтынын білмей дал болатын. Ол аз десеңіз, кейбір шенеуніктер «Елбасы институты Президент билігінен жоғары тұруға тиіс» деп, ақылға сыймайтын жағдайды заң жүзінде негіздемек болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың 2021 жылғы қарашада өткен Astana Club жиынында 92 жастағы Махатхир Мохамадты мысалға келтіріп, өзінің Ақордаға қайтып келуі мүмкін екенін мәлімдеуін және бұрынғы президенттің сол жылы желтоқсан айында Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД елдерінің саммитіне қатысуын нағыз билік дағдарысына әкеп соқтырған негізгі оқиғалар деуге болады. Соның алдында ғана жергілікті бір саясаттанушы оған «Елбасының алтын дәуірін» қалпына келтіру үшін батыл шаралар қабылдау қажеттігін айтып, арандатушылық мазмұндағы хат жолдаған еді, — дейді президент Тоқаев «Ана тілінде» жарияланған сұхбатта.

Айтуынша, қазір парасаттылық танытып, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға сіңірген тарихи еңбегін лайықты бағалау керек.

— Мен Президент ретінде мемлекет мүддесін басшылыққа алуға, ел бірлігін бәрінен биік қоюға міндеттімін, — дейді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевпен қазір «шамамен айына бір рет телефон арқылы сөйлесіп тұратынын» айтты.

БАҚ-та экс-президент Назарбаевтың шамамен жыл сайын бір рет Мәскеуге барып, Ресей президентімен кездесетіні хабарланып тұрады. Мұндай кездесу соңғы рет 2024 жылдың 14 желтоқсанында болған.

Келесі
Қаңтар құрбандарының туыстары марқұмдарға арнайы статус беруді талап етті

Қаңтар құрбандарының туыстары марқұмдарға арнайы статус беруді талап етті

Соңғы жазбалар

Қытайға барған азаматтың ұсталуына Қазақстанда қарсылық білдірген 12 адам қамалды

Қытайға барған азаматтың ұсталуына Қазақстанда қарсылық білдірген 12 адам қамалды

15 ноября, 2025
Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

13 ноября, 2025
Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

11 ноября, 2025
Ғалым Доскен дүниеден өтті

Ғалым Доскен дүниеден өтті

11 ноября, 2025
ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

10 ноября, 2025
Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

7 ноября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.