• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Апат куәлары көргенін айтқан соң. Ресей дронға қарсы режимнің күшінде болғанын мойындады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
27 декабря, 2024
Әзербайжаннан Ресейге бет алған ұшақ Ақтау маңына құлады
Share on FacebookShare on Twitter

«Росавиация» Azerbaijan Airlines ұшағы Грозныйға қонбақ болған кезде қалада дронға қарсы режим күшінде болғанын растады. «Росавиация» басшысы Дмитрий Ядровтың видеомәлімдемесін ТАСС агенттігі жариялады, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Оның сөзінше, лайнер қонатын кезде Грозный әуежайы аймағындағы жағдай «күрделі болған».

«Сол күні және сол сағаттарда Грозный әуежайы аумағында жағдай өте күрделі болды. Украинаның соғыс дрондары сол кезде Грозный мен Владикавказ қалаларындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына террористік шабуыл жасауға талпынып жатты. Осыған орай Грозный әуежайында барлық әуе кемелерінің сол кеңістіктен кетуін қарастыратын «Ковер» режимі күшіне енген» деді Ядров.

Оның сөзінше, сол сәтте қаланы қалың тұман басып тұрған және 500 метр биіктікте ештеңе көрінбей тұрған.

Ядровтың айтуынша, ұшақ Грозныйға екі рет қонбақ болған, бірақ қона алмаған.

— Командирге өзге әуежайлар ұсынылған. Ол Ақтау әуежайына баруды жөн көрді, — деді ол.

Айтуынша, Ресей тарабы Қазақстан мен Әзербайжандағы әріптестеріне қайғылы оқиғаны тергеуге қатысуға дайын екенін дереу хабарлаған.

ТАСС таратқан видеода «Росавиация» жетекшісі бірнеше күннен бері айтылып келе жатқан «Ақтауда құлаған ұшақты Грозный әуесінде ресейлік ракета зақымдаған болуы мүмкін» деген болжам жөнінде ештеңе айтпаған.

25 желтоқсанда Ақтау маңына құлаған Әзербайжан әуе компаниясының ұшағында болған 67 адамның 38-і қаза болды. Олардың арасында Қазақстанның алты азаматы бар. Аман қалған 29 адам ауруханаға түскен. Апаттан зардап шеккен 9 ресейлік және 14 әзербайжан азаматы 26 желтоқсанда арнайы бортпен елдеріне әкетілген. Қазір Ақтаудағы ауруханада үш қырғыз және үш әзербайжан азаматы емделіп жатыр.

Бейсенбі күні Euronews телеарнасы Әзербайжан үкіметіндегі дереккөзге сүйене отырып, алдын ала тергеу Azerbaijan Airlines ұшағының апатына Ресейдің ракетасы себеп болғанын анықтағанын жазған еді. Одан кейін Reuters агенттігі бірнеше дереккөзіне сілтеп, апатқа Ресейдің әуе қорғаныс жүйесі себеп болды деп хабарлады.

Әзербайжан үкіметіндегі дереккөз Euronews арнасына «бүлінген ұшаққа Ресейдің әуежайларына қонуға рұқсат етпей, рейсті Каспий теңізі арқылы Ақтауға бұрғанын» айтқан.

Көптеген дереккөз мен зерттеушілер «ұшақ Грозный әуесінде ракетадан зақымданған болуы мүмкін, апатқа осы түрткі болуы мүмкін» деген болжам айтып, соған дәлелдер ұсынып жатқан шақта бір күн бұрын әзербайжан парламентінің депутаты Расим Мусабеков «Ресей ұшақ апаты үшін кешірім сұрауы керек» деген еді.

27 желтоқсанда Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Бакудың кешірім сұрауы керек деген мәлімдемесін көргенін, бірақ апаттың себебін анықтау бойынша тергеу аяқталмайынша түсініктеме бере алмайтынын айтты.

Апатты тергеу жөніндегі Қазақстан үкіметі комиссиясының жетекшісі, вице-премьер Қанат Бозымбаев 26 желтоқсанда кешкі брифинг кезінде «барлық нұсқаны растай да, жоққа да шығара алмаймыз» деген.

«Росавиация» бастапқыда «ұшаққа құстар соғылып, апат содан болуы мүмкін» деп хабарлаған еді. Авиация сарапшылары оған күмән келтірген.

Келесі
«Оқиғаның Ресейде болғаны үшін». Путин Әлиевтен кешірім сұрайтынын білдірді

"Оқиғаның Ресейде болғаны үшін". Путин Әлиевтен кешірім сұрайтынын білдірді

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.