• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әзербайжаннан Ресейге бет алған ұшақ Ақтау маңына құлады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
26.12.2024
Әзербайжаннан Ресейге бет алған ұшақ Ақтау маңына құлады
Share on FacebookShare on Twitter

Желтоқсанның 25-інде Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылына жақын тұсқа Бакуден Грозныйға бағыт алған Azal Airlines әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлады. Ұшақта 67 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан ұшақтағы адамдардың көбі қаза тауып, 29-ы тірі қалды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Оның екеуі — бала. Ұшақта бірнеше елдің азаматтары болған. Қазақстанның 6 азаматының бәрі қаза тапқан.

Грозный әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, әуе бағытын бұруға қалың тұман себеп болды. Ұшақ алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға бағыт алған.

Мәліметтерге қарағанда, сағат 11:20-да Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақтың Ақтау әуежайына шұғыл қонуды сұрағаны туралы алғашқы хабарлама түскен. Сағат 11:30-да әуежайдан 3 километр жерде ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы ақпарат түскен.

Әзербайжан ақпарат агенттіктерінің оқиға орнынан таратқан видеосында ұшақ фюзеляжындағы шұрқ тесіктер байқалған.

Сарапшылар әртүрлі болжам жасауда. Бірақ ресми қорытынды тек тергеу аяқталған соң белгілі болады.

Бұған қоса 25 желтоқсанда Грозный қаласы Украина дрондарының шабуылына ұшыраған еді. Бұл — ай ортасынан бергі осындай екінші мәрте жасалған шабуыл. Бұл шабуылға қарсы Ресейдің әуе қорғанысы жүйесі іске қосылған. 

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербургке аттанып ұшып бара жатқан кезде, әуе апаты туралы хабар беріліп, орта жолдан кері қайтуға мәжбүр болған. Ақтауға шұғыл комиссия аттандырған Әзербайжан президенті апат себебі туралы айтуға әзірге ерте екенін айтқан.

Ұшақ апаты кезінде қайтыс болған Қазақстан азаматтарының тізімі жарияланды. 

— Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, 16.11.1988 жылы туған, туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы;
— Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 жылы туған, туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы;
— Махсудова Галина Растамбековна, 12.01.1978 жылы туған, туған жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы;
— Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы, 17.07.1975 жылы туған, туған жері: Алматы қаласы, Астана қаласының тұрғыны;
— Жұмағат Эльдар 23.08.2013 жылы туған, Астана қаласының тұрғыны;
— Джутаева Салима Аманжолқызы, 21.02.1995 жылы туған, туған жері: Қостанай облысының тумасы, тұрған жері Қарағанды қаласы.

Келесі
Экипаж мүшесінен екінші адам есін жиды. Стюардесса Айдана Рахимли

Экипаж мүшесінен екінші адам есін жиды. Стюардесса Айдана Рахимли

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.