• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кремльден хабар. Қазақстан 2025 жылдан бастап БРИКС-ке «серіктес» бола қалды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
25.12.2024
Кремльден хабар. Қазақстан 2025 жылдан бастап БРИКС-ке «серіктес» бола қалды
Share on FacebookShare on Twitter

Бірқатар ел БРИКС халықаралық ұйымына «серіктес ел» болуға дайын екенін растады, бұл статус оларға 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап беріледі. Оның бірі – Қазақстан. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың сөзіне сүйенген ТАСС агенттігі хабарлады.

«[Қазан қаласындағы] саммиттің қорытындысы бойынша БРИКС-ке «серіктес елдер» санатын құру және 13 мемлекеттің келісімін алу маңызды болды. Оларға шақыру жіберілді. БРИКС-ке серіктес болуға дайын екенін әзірге Беларусь, Боливия, Индонезия, Қазақстан, Куба, Малайзия, Таиланд, Уганда және Өзбекстан растады», – деді Ушаков.

Ресей президентінің көмекшісі бұл елдер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап БРИКС-ке «серіктес ел» статусына ресми түрде ие болады» деді. Ушаковтың сөзінше, тағы төрт елге шақыру жіберілген, алайда олардан әзірге жауап түспеген.

Астананың БРИКС-ке серіктес болатынын Қазақстан сыртқы істер министрлігі растады деп жазды Tengrinews.kz сайты. Бірақ шешімге байланысты қандай да бір түсініктеме берілген жоқ. Бұл статус Қазақстанға не беретіні де нақты айтылмады.

Ағылшын тілінде BRICS — Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Республикасы елдерінің бірінші әріптерінен құралған ұйым. 2006 жылы Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай экономика министрлерінің қатысуымен өткен Санкт-Петербургтегі экономикалық форпумда негізі қаланған. 2010 жылы Оңтүстік Африка республикасы қосылып, БРИКС ұйымы пайда болды.

БРИКС мүшелері әлем елдеріне несие беретін Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк сияқты бүкіләлемдік ұйымдарда Батыс елдері басымдыққа ие, оларға тепе-тең күш керек, дамушы экономикалардың да үні естілуге тиіс деген идеяның айналасына біріккен.

Оның мақсаты — дамушы елдердің басын біріктіріп, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропаның бай мемлекеттеріне балама күш қалыптастыру.

Қазақстан президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли қазан айында Қазандағы саммит алдында «Қазіргі таңда және жақын болашақта Қазақстан БРИКС-ке мүшелікке өтініш бермейді. Бұл шешім ұйымның даму перспективалары мен көп сатылы процесін ескере отырып қабылданған,»- деген. Одан беріде елдің саяси тұлғалары бұл бағытта әрқандай бір ишара білдірген емес.

Келесі
Әзербайжаннан Ресейге бет алған ұшақ Ақтау маңына құлады

Әзербайжаннан Ресейге бет алған ұшақ Ақтау маңына құлады

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.