• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Ресейдің химиялық қорғаныс күштерінің басшысы жарылыстан қаза тапты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
18 декабря, 2024
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

Мәскеуде болған жарылыс салдарынан Ресей қарулы күштерінің радиациядан, химиядан және биологиядан қорғану әскерінің басшысы генерал-лейтенант Игорь Кириллов пен оның көмекшісі қаза тапқан. Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті хабарлады.

17 желтоқсан күні таңертең Мәскеудегі Рязань даңғылындағы үйде жарылыс болған. Ресейлік телеграм-арналар екі адам қаза тапты деп жазды. Жарылыс болған жерде түсірілген фотодан үйдің кіреберісінде қимылсыз жатқан адамдар байқалады.

Тергеу мәліметінше, жарылғыш зат кіреберіс жерде тұрған самокат құралына қойылған болуы мүмкін.

«Украинская правда», BBC және Reuters Украинаның арнайы қызметіндегі дереккөздеріне сілтеп, Кирилловты өлтіру Украина қауіпсіздік қызметінің арнайы операциясы болған деп жазды. Дереккөз «Кириллов әскери қылмыскер болды, себебі ол украиналық әскерилерге тыйым салынған химиялық қару қолдануға бұйрық берді» деген.

Таяуда Украинаның қауіпсіздік қызметі генерал Кирилловқа сырттай айып таққан. Киевтің мәліметінше, ол Украина сарбаздарына қарсы химиялық қару қолдануға жауапты болған. Соғыс басталғалы бері Кирилловтың бұйрығына сай, Ресей химиялық оқ-дәрі қолданған бес мыңға жуық жайт болған деді Украина тарабы. Соның ішінде «К-1» деп аталатын граната бар.

Ресей жағы мұндай айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарады.

Химиялық қару жөніндегі 1993 жылғы конвенцияға сәйкес, мұндай қару түрін пайдалануға тыйым салынған.

Кириллов Украинада химиялық қаруды қолдануға және жалған ақпарат таратуға байланысты Ұлыбритания санкциясына іліккен. Бұған дейін АҚШ пен оның одақтастары Ресей Украина әскеріне қарсы хлорпикрин деген улы зат қолданды деген қорытындыға келген.

54 жастағы Кириллов 2017 жылдан бері Ресей қарулы күштерінің радиациядан, химиядан және биологиядан қорғану әскерінің басшысы болған.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Шымбұлақта шаңғы маусымы басталды. Қалай дайындалу керек, не қажет?

Шымбұлақта шаңғы маусымы басталды. Қалай дайындалу керек, не қажет?

Соңғы жазбалар

Кейбір жастар ғаламторда неше түрлі өсек жаза бастады — Президент

Кейбір жастар ғаламторда неше түрлі өсек жаза бастады — Президент

27 сентября, 2025

26 сентября, 2025
«Ұсталғаны» айтылып, жоққа шығарылған министрдің кездесу өткізгені хабарланды

Президент «ұсталған» министрін Ақордаға алдыртты

26 сентября, 2025
Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

26 сентября, 2025
Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

24 сентября, 2025
Қилы кезең: Жон арқадан ұрылған пышақ

Қилы кезең: Жон арқадан ұрылған пышақ

26 сентября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.