• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Бауырын жерлеген Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
12 декабря, 2024
Бауырын жерлеген Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл күзде кісі қолынан мерт болған Шерзат Полаттың әкесі, сот шешімімен 15 күнге қамалған Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Азаттық радиосының хабарлауынша, адвокат Саида Таукелева қылмыстық іс «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабы (202-бап) бойынша ашылғанын айтқан.

– [Нұрғанат Ғайыпбаевтың жаназасы болған күні] Қаржаубай арнайы жасақ (СОБР) көлігі жүріп кетпес үшін дөңгелегін жарып тастаған. Соған байланысты іс қозғап жатыр. Қазір шығынын есептесін, дөңгелегін ауыстырып берер. Іс бейбіт жолмен аяқталады деп ойлаймын, – деді Таукелева.

Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын Алматы облысының полициясы да телеграм-арнасында растады.

«Қ.Нұрымов 10 желтоқсанда бұзақылық және көлік құралдары қозғалысына кедергі келтіру фактісі бойынша ұсталды. Ол қоғамдық орында әрі полиция қызметкерлеріне балағат сөз айтып, оларды пышақпен қорқытты, басқа біреудің мүлкіне қасақана зиян келтірді, пышақпен көлікті сырып, дөңгелегін жарып тастады. Айналасына, кәмелетке толмаған балаларға қауіп төндіріп, қоғамдық тәртіп мен тыныштықты бұзды. Бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік сот оны 15 күнге қамауға шешім шығарды», – деп хабарлады полиция.

Полиция Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында болған оқиға кезінде автокөлік иесіне материалдық зиян келгені анықталды, оның жай-жапсарын анықтауға тергеу жүріп жатыр деді.

10 желтоқсанда Алматы облысының полициясы Қаржаубай Нұрымов «полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады» деген ақпарат таратқан. Кейін полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімов «Нұрымов полицияға шабуылдаған жоқ» деп айтты.

«Полиция қызметкерінің көлігіне шабуыл жасады. Қоғамдық қауіпсіздікті бұзды», – деді Әшімов журналистерге берген жауабында.

Биыл қазан айында Талғарда кісі қолынан мерт болған Шерзат Полаттың бірнеше туысы осы аптада әкімшілік жауапқа тартылды. Сот марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов пен екі жақынын 15 күнге қамап, тағы біреуіне айыппұл салды.

Келесі
Қаржылық былық туралы мәліметтен соң Назарбаев университеті жауап берді

Қаржылық былық туралы мәліметтен соң Назарбаев университеті жауап берді

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.