• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Шерзаттың ағасының өлімін полиция бірден «суицид» деп таныды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10 декабря, 2024
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы облысы Талғар ауданында бір топ адам қатысқан жанжалдан мерт болған Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев өлі табылды. Бұл туралы 9 желтоқсан таңертең Алматы облысының полиция департаменті хабарлап, ақпаратты кейін отбасының қорғаушылары растады.

«Талғар қаласы маңынан 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өзіне қол жұмсаған. Марқұм биыл 4 қазанда қаза болған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды», – деп хабарлады полиция.

Шерзат Полаттың қорғаушылары Instagram-да ашқан justice_for_sherzat парақшасы марқұмның жасөспірімнің ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев қаза болған деп хабарлады.

Алматы облысының полициясы қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүріп жатыр деді. Ресми ақпаратқа сәйкес, әзірге қандай да бір қылмыстық сипаттағы белгі анықталмаған.

«Марқұм Шерзат Полаттың отбасын полицейлер күзетіп жүрді. Марқұмның отбасына қандай да бір қауіп тіркелген жоқ. Күзеттегі қызметкерлердің айтуынша, ер адам күзеттегі нысаннан сағат 23.30-да шығып, жеке көлікпен кеткен. Тергеу мүддесіне сай, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады Алматы облысының полициясы.

4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар ауданында бір топ адам қатысқан жанжал кезінде 16 жастағы Шерзат Полат пышаққа түсіп мерт болды. Оқиғадан соң қара жамылған отбасының үйі өртеніп, полиция ауданда күзетті күшейткен. Бұған дейін марқұмның туыстары әкімдік алдына жиналып, тергеуді ашық әрі әділ жүргізуді талап еткен.

Әлеуметтік желіде ауданда «Хуторлық» деген жүгенсіз кеткен қылмыстық топ әрекет етеді деген болжамдар айтылған. Полиция ол хабарды жоққа шығарып, «ондай қылмыстық топ тіркелмеген» деп мәлімдеді.

Жасөспірімнің қазасынан кейін бірқатар жергілікті шенеунік қызметінен алынды.

14 қазанда желіде жасөспірім мерт болғанға дейін дүкен алдындағы алыс-жұлыс кезінде оның әкесі Қаржаубай Нұрымов түсіп қалған қысқа видео тарады. Видеоны көрген кейбіреу «ол пышақ алып жүрген» деген долбар айтты. Видеоны кім таратқаны белгісіз. Жәбірленуші тараптың адвокаттары видеоны таратқандарды анықтауды және оларды жауапқа тартуды талап етіп, полицияға арыз түсірген. Полиция оны анықтап жатқанын хабарлаған.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұған дейін Шерзат Полат ісі «Адам өлтіру», «Бұзақылық», «Қорқыту», «Қылмысты жасырып қалу» және «Қылмыс туралы хабарламау» баптары бойынша тергеліп жатыр деп хабарлаған. «Қасақана кісі өлтіруге қатысты» деген күдікпен сегіз адам, «Қылмыс туралы хабарламау» бабы бойынша үш адам сот санкциясымен қамауға алынған.

Ал 9 желтоқсанда мәйіті табылған Нұрқанат Ғайыпбаев — Шерзаттың әкесі Қаржаубайдың інісі, Шерзатқа немере аға болады. Полиция оның өлімін «суицид» деп тапқан соң, желіде Нұрқанаттың соңғы телефон жазбасы делінген хабарлама тарап кетті.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Қош бол, диктатор. Путин Асадқа саяси баспана берді

Қош бол, диктатор. Путин Асадқа саяси баспана берді

Соңғы жазбалар

Польшада Қазақстан дипломаты ұсталды. Астанада қорғаныс министрлігі растады

Польшада Қазақстан дипломаты ұсталды. Астанада қорғаныс министрлігі растады

13 августа, 2025
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Экипаждың соңғы мүшесінің сүйегі табылды

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Экипаждың соңғы мүшесінің сүйегі табылды

13 августа, 2025
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

12 августа, 2025
«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

8 августа, 2025
Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

6 августа, 2025
АҚШ Иранның Ресейге зымыран жеткізуінен сескенеді

Мәскеу орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарын қолға алатынын айтты

6 августа, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.