• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
7 декабря, 2024
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

Франция Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізуге көмектесуге дайын. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған делегация Францияға жұмыс сапарымен барған. Қазақстан тарапы бұл елдің ядролық саладағы жетекші компанияларының басшыларымен кездесіп, келіссөздер жүргізген.

Алмасадам Сәтқалиев жұмыс сапары барысында Францияның атом саласындағы жетекші ұйымдарымен, сонымен бірге ірі энергия өндіруші компанияларымен, EDF атом электр станцияларының операторымен, Framatome атом электр станцияларына арналған жабдықтарды әзірлеуші және өндірушісімен, Arabelle Solutions атом электр станцияларына арналған турбиналық жабдықтар жеткізушісімен келіссөздер жүргізген.

Бұдан бөлек атом электр станциялары үшін инжинирингтік қызметтер, жобаларды басқару және цифрлық шешімдерге маманданған Assystem халықаралық консалтингтік компаниясының басшыларымен кездескен.

«Француз тарапы Қазақстанға атом электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруда қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Өндірілетін электр энергиясының шамамен 70%-ын атом энергиясынан алатын Франция бұл салада әлемдік көшбасшы елдер қататрында»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Министрлік мәліметінше, EDF атом электр станцияларының операторы Қазақстан үшін ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерінің қысқаша тізіміне енгізілген.

Бұдан бөлек Франция АЭС салынатын Балқаш бассейніне зерттеу жүргізеді. Францияның даму агенттігі (AFD) және Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросы (BRGM) Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп, Іле-Балқаш бассейніне кешенді зерттеу жүргізбекші. Шетелдік ұйымдар жерасты суларын зерттеуге көмектесіп, жер асты су ресурстарына мониторинг жүргізу, барлау және игеру мәселелерін де зерттемек.

Қазақстанда биыл 6 қазанда «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауалмен референдум өткізілген. Ресми мәлімет бойынша дауыс берген сайлаушылардың 71 пайыздан астамы АЭС құрылысымен келісетінін білдірген. Оның құрылысын халықаралық консорциум жүргізуі мүмкін екені айтылады. Бірақ Ресейдің «Росатом» компаниясының Қазақстанда АЭС салуға мүдделлілік білдіргенін қоғам сынаған.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Сирия басшысы қызметтен кеткенін Ресей жариялады

Сирия басшысы қызметтен кеткенін Ресей жариялады

Соңғы жазбалар

Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

6 августа, 2025
АҚШ Иранның Ресейге зымыран жеткізуінен сескенеді

Мәскеу орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарын қолға алатынын айтты

6 августа, 2025
Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

5 августа, 2025
Сара Назарбаеваның жағдайы жайлы ресми хабарланды

Сара Назарбаеваның ем қабылдап жатқанына үшінші айға айналды

1 августа, 2025
«Әуежайды басып алу ісімен» сотталған Әйгерім Тілеужанның микро-инсульт алғаны хабарланды

Әйгерім Тілеужанның 1 жыл 7 айы қалды. Депутат жағдайын білді

31 июля, 2025
Қоғамдық қысымнан кейін. Жыланбаевтың түрмедегі суреттері жарияланды

Қоғамдық қысымнан кейін. Жыланбаевтың түрмедегі суреттері жарияланды

29 июля, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.