• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Мәскеудегі Асқар Ақаев экс-президент статусын қайтаруға әрекеттеніп жатыр

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
6 сентября, 2024
Басты бет Әділет
Share on FacebookShare on Twitter

Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаев елінің экс-президенті деген статусын қайтарғысы келеді. Бұл ақпаратты Азаттықтың Қырғыз қызметіне Жогорку кенеш депутаты, конституциялық заңнама комитетінің басшысы Шолпан Сұлтанбекова растады.

Ол қырғыз парламентіне статусты қайтару бойынша хат келді деп хабарлады. Сұлтанбекованың сөзінше, бұл мәселе бірден шешілмейді.

«Мәселе бірден күн тәртібіне шығарылмайды. Алдымен фракциялар, олардың жетекшілері және депутаттар талқылайды. Содан кейін бұл мәселенің қай кезде күн тәртібіне шығатынын хабарлаймыз» деді ол.

Ақаевтың ниеті туралы жаңалыққа пікір білдірген Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әр азамат өз құқығын қорғау үшін я заңды талаптарын қалпына келтіру үшін билік органдарына жүгінуге толық құқылы деді.

«Мұны біреумен келісу немесе менің келісімімді алу міндетті емес. Ол өз құқығын пайдаланып, өтініш берген көрінеді,-» деді Қырғызстан президенті.

Жапаров Ақаевқа экс-президент статусын қайтару туралы шешімді Қырғызстан парламенті қабылдайды, бұл мәселе бойынша ештеңе айта алмаймын деді.

«Депутаттар өзі шешеді. Біз ешкімге берейік я бермейік деп айта алмаймыз. Бұл мәселенің заңдылығын қарасын. Заңдарды бақылау – парламенттің міндеті,-» деді Жапаров.

«Құрманбек Бакиев пен Алмазбек Атамбаев экс-президент статусын қайтаруға осындай сұрау салса не болады?» деген сұраққа Жапаров олардың жағдайы «Ақаевтан өзгеше,-» деді.

«Ақаев қашып кеткенде құрбандар болған жоқ, оның үстінен қылмыстық іс қозғамады және іздеу жарияланбады. Әрине, Асқар Ақаевтың кезінде көп кемшілік болды. Мүдделер болды. Бірақ онымен қоса ел тәуелсіздік алған жылдары оң кезеңдер болды. Мұны да айту керек. Ал Атамбаев пен Бакиевтің істерінде адам шығыны болды. Парламент оларға экс-президент статусын қайтарар болса, мұны дұрыс деп санамаймын. Бұл – менің жеке пікірім. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны да бар,-» деді Жапаров.

1991 жылы Совет одағы ыдырағанда тәуелсіз ел атанған Қырғызстанды содан бері алты президент басқарды. Елдің бірінші президенті Асқар Ақаев 2005 жылғы «Қызғалдақ төңкерісінде» биліктен кетті. Оның үстінен жемқорлық жөнінде іс қозғалғанда ол Мәскеуден саяси баспана тапқан. 2023 жылы қаңтарда қырғыз бас прокуратурасы Ақаевтың үстінен қозғалған істердің мерзімі өтіп, жабылды деп мәлімдеді. Ақаев 2021 жылдан бері Бішкекке бірнеше рет барып, жемқорлық жөніндегі тергеудің сұрақтарына жауап берген.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Көкпардағы даудан кейін ҰҚК-нің мәлімдеме жасауына тура келді

Көкпардағы даудан кейін ҰҚК-нің мәлімдеме жасауына тура келді

Соңғы жазбалар

Кейбір жастар ғаламторда неше түрлі өсек жаза бастады — Президент

Кейбір жастар ғаламторда неше түрлі өсек жаза бастады — Президент

27 сентября, 2025

26 сентября, 2025
«Ұсталғаны» айтылып, жоққа шығарылған министрдің кездесу өткізгені хабарланды

Президент «ұсталған» министрін Ақордаға алдыртты

26 сентября, 2025
Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

26 сентября, 2025
Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

24 сентября, 2025
Қилы кезең: Жон арқадан ұрылған пышақ

Қилы кезең: Жон арқадан ұрылған пышақ

26 сентября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.