• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

АЭС референдумына 15,5 млрд теңге керек

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
4 сентября, 2024
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

3 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум өткізуге байланысты отырыс өткізді. Комиссия мүшесі Сәбила Мұстафина референдумға 15,5 млрд теңге керек деді. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Мұстафинаның айтуынша, қаржының 71 пайызы 70 мыңнан астам комиссия мүшесінің еңбекақысына кетеді, қалған 29 пайызы ақпарат таратуға, бюллетень жасауға, типография өнімдеріне, референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыруға керек нәрсеге жұмсалады.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың сөзінше, референдумда 10 мыңнан аса сайлау учаскесі болады, 63 елде 78 сайлау учаскесі ашылады. Сайлау комиссиясында 70 мыңнан аса адам істейді деді Петров. ОСК дерегі бойынша, ел ішінде 12 миллионнан астам адам дауыс беруге құқылы.

«Біз алдымен қаржы, ұлттық экономика және әділет министрлігінен өтуіміз керек. Содан кейін ғана үкімет бюджет бойынша шешім қабылдайды,»- деді Сәбила Мұстафина.

Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум биыл 6 қазанда таңғы сағат жетіден кешкі сегізге дейін өтеді. 5 қазан – «тыныштық күні» болады. Референдумға бір күн қалғанда үгіт-насихат пен референдумға байланысты сауалнама нәтижесін жариялауға, референдум қорытындысы туралы болжам жасауға тыйым салынады.

«Мәдениет және ақпарат министрлігі онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізетін болады. Заңға қайшы белгілері бар материалдар бас прокуратураға жіберіледі» деді вице-министр Қанат Ысқақов Орталық сайлау комиссиясы отырысында. Комиссия 7 күн ішінде референдум қорытындысын шығарып, ресми хабарды БАҚ-та жариялауға тиіс.

Референдумда «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұрақ қойылады.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Мәскеудегі Асқар Ақаев экс-президент статусын қайтаруға әрекеттеніп жатыр

Мәскеудегі Асқар Ақаев экс-президент статусын қайтаруға әрекеттеніп жатыр

Соңғы жазбалар

Кейбір жастар ғаламторда неше түрлі өсек жаза бастады — Президент

Кейбір жастар ғаламторда неше түрлі өсек жаза бастады — Президент

27 сентября, 2025

26 сентября, 2025
«Ұсталғаны» айтылып, жоққа шығарылған министрдің кездесу өткізгені хабарланды

Президент «ұсталған» министрін Ақордаға алдыртты

26 сентября, 2025
Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

26 сентября, 2025
Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

24 сентября, 2025
Қилы кезең: Жон арқадан ұрылған пышақ

Қилы кезең: Жон арқадан ұрылған пышақ

26 сентября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.