• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жар салған жиын. «Өнімді» деген отырыста келісім жасалмады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
16 августа, 2025
Жар салған жиын. «Өнімді» деген отырыста келісім жасалмады
Share on FacebookShare on Twitter

Аляскада АҚШ президенті Дональда Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі аяқталды. Келіссөз шамамен үш сағатқа созылды.

Азаттық радиосының хабарлауынша, бастапқыда Трамп пен Путин аудармашылардың қатысуымен бетпе-бет кездесетіні хабарланған еді. Алайда формат өзгертіліп, келіссөзге АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен арнайы уәкіл Стив Уиткофф те қатысты. Ресей жағынан Путиннің жанында көмекшісі Юрий Ушаков пен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров болған.

Анкоридждегі саммиттен кейін басшылар ортақ баспасөз конференциясын өткізді. Онда екі басшы бір-біріне мақтау сөздерін айтысты, бірақ қандай да бір келісім жөнінде хабарламады.

АҚШ президенті Трамптың сөзінше, кездесу өнімді болған. Бірақ «келісім» жасалмағанын айтты. Ал Ресей басшысы Владимир Путин баспасөз конференциясы барысында тараптар «келісімге келгенін» бірнеше рет айтқан.

Екі басшы да журналистердің сұрақтарына жауап бермеді.

Баспасөз конфернциясының басында Ресей президенті Владимир Путин келіссөз «конструктивті атмосферада» өткенін мәлімдеді. Ол Ресей мен АҚШ-тың көрші екенін атап өтіп, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де одақтас ел болғандарын еске салды. Ол келіссөз кезінде жасалған «келісімге» тоқталып, бұл қатынасты жақсартуға жетелеуі мүмкін екенін жеткізді. Украинадағы соғыс туралы айтқан кезде Ресей басшысы «бейбіт келісімге қол жеткіу үшін соғысқа түрткі болған себептерін жою қажет» деген жиі айтатын сөзін қайталады.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп ілгерілеуішілікке қол жеткізгенін айтты. Бірақ оның сөзінше тараптар «келісімге келмеген». Трамп Путинмен «тамаша» қарым-қатынаста екенін айтып, бірнеше пункт бойынша келіскендерін, бірақ ең маңызды екі пункт бойынша келісімге келмегендерін айтты. Ол НАТО елдері мен Украина басшысы Владимир Зеленскийге хабарласатынын жеткізді.

Баспасөз конференциясының соңында Трамп алдағы уақытта Путинмен кездесуі мүмкін екенін айтты, сол кезде Ресей басшысы оны Мәскеуге шақырды. «Сенімді емеспін, бірақ баруым мүмкін» деді Трамп.

Келесі
Ақ үйдегі Зеленский — Территория мәселесін Путин екеумізге қалдырыңыздар

Ақ үйдегі Зеленский - Территория мәселесін Путин екеумізге қалдырыңыздар

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.