• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Самарқандағы саммитте Еуропа 12 млрд еуролық «Ғалам қақпасын» ұсынды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
5 апреля, 2025
Самарқандағы саммитте Еуропа 12 млрд еуролық «Ғалам қақпасын» ұсынды
Share on FacebookShare on Twitter

Сәуірдің 4-інде Самарқанда өткен «Орталық Азия – Еуропа одағы» саммитінде Еуропа одағы құны 12 миллиард еуро болатын «Ғалам қақпасы» инвестициялық пакетін ұсынды. Бұл екі аймақ арасындағы транспорт байланысын арттырып, маңызды шикізат өндірісі, цифрлық байланыс, су және энергия саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталмақ.

«Бұл инвестиция екі жаққа да пайда келтіреді, себебі біздің серіктеріміз өсіп, гүлденсе, Еуропа да гүлденеді» деді Еуропа комиссиясының президенті Урсула фон дер Ляйен.

Бұл жөнінде тұңғыш рет өткізілген «Орталық Азия – Еуропа одағы» саммитінде тараған бірлескен баспасөз хабарламасында айтылған.

«Соңғы жылдары жоғары деңгейде екіжақты байланыстар артқандықтан әрі көпжақты, аймақтық күн тәртібі жылдам өзгеріп жатқандықтан Еуропа одағы мен Орталық Азия елдерінің басшылары екі өңір арасындағы қарым-қатынасты стратегиялық әріптестік орнату жолымен жоғары деңгейге көтеруге уағдаласты» делінген хабарламада.

Саммит соңында стратегиялық әріптестік орнату бойынша шешімді Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияеев «тарихи қадам» деп атады.

«Арамыздағы стратегиялық әріптестік нақты шешімдермен, жоба, бағдарламалармен толығуы керектігіне сенімдімін,»- деген Өзбекстан президенті.

Еуропа одағы мен Орталық Азия сауданы арттырып, «адамдар арасындағы байланысты кеңейтеді» деді Еуропа кеңесінің президенті Антониу Кошта. Ол Еуроодақ аймақтың «тұрақты дамуына инвестиция салып», оның «сенімді серіктесі болып қала береді» деді.

Орталық Азия – Еуропа одағы саммиті Өзбекстанның Самарқан қаласында 3-4 сәуірде өтті. Оған Еуропа кеңесінің президенті Антониу Кошта, Еуропа комиссиясының президенті Урсула фон дер Ляйен және Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан президенттері қатысты.

Еуропа одағы — 27 елдің басын қосатын саяси-экономикалық одақ. Ол АҚШ пен Қытайдан кейінгі ірі экономика саналады.

Келесі
Министрлік шетелде соғысқандар жауапқа тартылатынын ескертті

Министрлік шетелде соғысқандар жауапқа тартылатынын ескертті

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.