• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Таңдаулы

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
19.03.2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды
Share on FacebookShare on Twitter

Адвокат Василий Садықов “сот үкімін орындамағаны үшін” (430-бап) үстінен қылмыстық іс қозғалған Астанадағы тергеу изоляторында қамауда отырған белсенді Ермек Нарымбаев аштық жариялағанын айтты.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

«Ол өзін ұстау себебімен келіспейді. Былтыр оны 2023 жылғы Қонаев соты шығарған желіде қоғамдық-саяси тақырыпқа жазба жарияламау туралы сот қаулысын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартқан. Ол ешқандай ірі заңбұзушылық жасамағанын айтады. Ол аңғалдық жасап, өзінің көзқарасын жариялаған,»- деді адвокат 19 наурызда Азаттыққа.

Айтуынша, Нарымбаев аштығын 4 наурызда бастаған, қазір тек су ішеді. Адвокаты оған аптасына екі рет жолығатынын айтты. Изолятор әкімшілігі Нарымбаевтың аштық жариялағандығынан хабардар деді.

Бұған дейін адвокат Facebook желісінде Нарымбаевтың прокурорға жазған өтінішін де жариялаған.

Биыл 5 ақпанда Астананың тергеу соты Ермек Нарымбаевты екі айға қамаған.. Ол тергеу жалғасқанша 3 сәуірге дейін қамауда болады.

Қамалардан бұрын Нарымбаев әлеуметтік желіде конституциялық реформаны талқылап жазба жариялаған. Facebook-те 3 ақпанда жарияланған кейінгі постында Нарымбаев: «Билік [Конституция жобасы бойынша] пікірталаста жеңілген соң ашуға басып, репрессияға көшті» деп жазған.

2023 жылы қыркүйекте шыққан үкім бойынша Нарымбаевқа «қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелермен айналысуына» тыйым салынған. Осы шешім негізінде белсендіге “сот үкімін орындамады” деген айып тағылған.

Ермек Нарымбаев бұған дейін де «сот шешімін орындамағаны үшін» әкімшілік жазаға тартылған еді. Адвокатының сөзінше, бұл жолы оған қылмыстық бап қолданылып отыр.

Tags: аштықЕрмекнаразылықтүрме
Келесі
«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

"Түркістан бітімі" бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.