• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Депутат сауалы. Қазақ шенеуніктерін Эпштейнмен не байланыстырады?

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
26.02.2026
Депутат сауалы. Қазақ шенеуніктерін Эпштейнмен не байланыстырады?
Share on FacebookShare on Twitter

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) фракциясы атынан парламентке сайланған мәжіліс депутаттары бас прокурор және ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасынан Қазақстан элитасының америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнмен байланысы болған я болмағанын тексеруді сұрады.

Азаттықтың хабарлауынша, 25 ақпанда фракция жетекшісі Асхат Рахымжанов ұлттық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерге құқықтық баға беру қажеттігін де алға тартты.

«Жарияланған құжаттарда мемлекеттік маңызды лауазым атқарған «Ескі Қазақстанның» саяси элитасы өкілдерінің аты-жөндері аталады. Мұндай дәрежедегі шенеуніктердің моральдық келбеті мен жеке байланыстары жеке мәселе емес, ұлттық қауіпсіздік пен елдің беделі мәселесі. Мысалы, қазіргі уақытта мемлекетке опасыздық жасау және мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыну баптары бойынша жазасын өтеп жатқан бұрынғы премьер-министр және ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов жазбаларда кемінде сегіз рет кездеседі. Жазбаларда Эпштейн мен Мәсімовтің жеке таныс болғаны анық көрсетілген. Бұл көп сұрақ туғызады. Жоғары лауазымды қазақстандық шенеунік не себепті Эпштейнмен кездесті? Бұл кездесулер қайда өтті? Олар дәл сол аралда болуы мүмкін бе?»- деді хатты оқыған фракция жетекшісі Асхат Рахымжанов.

Рахымжанов сонымен бірге бұған дейін ақпарат құралдары жазған ұлттық банктің бұрынғы жетекшісі Қайрат Келімбетов пен Эпштейн арасындағы ортақ демалысты да атап өтті.

«Бұрын Қайрат Келімбетов премьер-министрдің орынбасары болған және ұлттық банкті басқарған. Тағы да сұрақ туындайды: Келімбетовке бұл кездесу не үшін қажет болды? Әлде Эпштейннің өзі бұл кездесу жөнінде бастама көтерді ме? Хаттарда Мәсімов пен Келімбетовтің Джеффри Эпштейнмен байланысы мен кездесулері талқыланады, жеке құттықтаулар жібереді және әртүрлі бірлескен іс-шаралар туралы айтылады. Басқа да аты аталмаған тұлғалар, мысалы, мемлекеттік қауіпсіздікке жауапты жоғары лауазымды генерал да аталған. Бұл кім? Бұл тағы да Мәсімов болуы мүмкін бе?»-деді Асхат Рахымжанов.

Ол сонымен бірге Эпштейннің Қазақстанда бірнеше рет болғанын да атап өтеді. Рахымжановтың пікірінше, файлдарда «оның Қазақстандағы тұлғалармен барлық байланысы ашылды деп айту қиын».

«Осы жанжалды тергеу аясында халықаралық басылымдар АҚШ-та белгісіз жағдайда қайғылы түрде қайтыс болған қазақстандық модель Руслана Коршунованы да атап өтті. Естеріңізге сала кетейін, ол — жай ғана жеке тұлға емес, саяси, қаржылық және барлау топтарымен тығыз байланысы бар, кәмелетке толмағандарды жыныстық қанаудың халықаралық желісін ұйымдастырушы ретінде танылған адам. Жоғары лауазымды қазақстандық шенеуніктер мен мұндай адам арасындағы кез келген байланыс сөзсіз бірқатар сұрақтар туғызады,»-дейді депутат.

Эпштейнге қатысты құжаттарда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның бұрынғы күйеубаласы Рахат Әлиевтің есімдері де аталғанын бұған дейін Азаттық жазған. Құжат Әлиевтің сол кездегі президент Назарбаевпен көп жылғы текетіресінен хабар береді.

«Эпштейн файлдары» – АҚШ-тағы және әлемдегі соңғы даулы тақырыптардың бірі. Қоғамның талабынан соң былтыр қарашада АҚШ Конгресі өкілдер палатасы мен сенаты АҚШ әділет министрлігін қаржыгер Джеффри Эпштейнге қатысты барлық құжаттарды жариялауға міндеттейтін заң жобасын мақұлдап, кейін оған президент Дональд Трамп қол қойған.

Мыңдаған файлда АҚШ-тан бөлек, түрлі елдердегі саясаткерлер мен басқа да адамдардың жазысқан хат-хабары бар. Кей файлдағы деректер ел ішінде тергеуге алып келген. 19 ақпанда Ұлыбритания полициясы корольдің бауыры Эндрю Маунтбеттен-Уиндзорды «қызмет өкілетін асыра пайдаланды» деген күдікпен ұстаған. Қазір оның Эпштейнмен байланысы тексеріліп жатыр.

Tags: келімбетовмәсімовэпштейн
Келесі
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

"Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі". Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Соңғы жазбалар

Алматы облысында Мәскеудегі «Путинді қорлағандар» іздестіріліп жатыр

Алматы облысында Мәскеудегі «Путинді қорлағандар» іздестіріліп жатыр

4 марта, 2026
Таяу Шығыстағы соғыс. Қазақстан Иран басшыларына емес – халқына көңіл айта қалды

Таяу Шығыстағы соғыс. Қазақстан Иран басшыларына емес – халқына көңіл айта қалды

3 марта, 2026
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

Әуе шабуылдарынан кейін. Трамп Иранның келіссөз ұсынғанын, өзінің келіскенін айтты

2 марта, 2026
Ирандағы шабуыл. Хаменеидің «қаза тапқаны» хабарланды 

Ирандағы шабуыл. Хаменеидің «қаза тапқаны» хабарланды 

1 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

26 февраля, 2026
Депутат сауалы. Қазақ шенеуніктерін Эпштейнмен не байланыстырады?

Депутат сауалы. Қазақ шенеуніктерін Эпштейнмен не байланыстырады?

26 февраля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.