• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
18.02.2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады
Share on FacebookShare on Twitter

17 ақпанда Алматы қаласының әкімшілік соты «Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал жүргiзу шарттарын бұзу» бабы бойынша айыпталған (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабының 3-бөлігі) Азаттық тілшісі Мақпал Мұқанқызына 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салып, журналистің отбасы жағдайын ескеріп, айып мөлшерін 30 пайыз азайтты. Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.

Әкімшілік іске тілшінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында қойған сауалы («референдумға барасыз ба?») түрткі болғанын айтады.

Сот кезінде прокурор Айбек Ертайұлы Мақпал Мұқанқызының «сайлау заңнамасы талаптарын сақтамай, қоғамдық пікірге сауал жүргізгенін» алға тартып, судьядан айыппұл салуды сұрады.

Ал тілшінің өзі хаттамада айтылған жайттармен келіспей, өз жазбасы референдум барысына еш әсері болмағанын алға тартты. Ол заң саласында «мөлшерлестік» (соразмерность) ұғымы барын, заң нормаларын тым асыра пайдалануға жол бермеу қажеттігін айтты.

Мақпал Мұқанқызының өкілі заңгер Ольга Диденко процесс кезінде бірнеше өтініш берді, арасында сотқа Орталық сайлау комиссиясы немесе аумақтық сайлау комиссиясының өкілін шақырту туралы өтініш те бар. Оның сөзінше, қазір әлеуметтік желілер қолданушыға өз жазылушыларының белгілі бір мәселеге байланысты пікірін білуге мүмкіндік береді. Бұл қоғамдық сауалнама жүргізу емес, себебі оны жүргізудің өзіндік методологиясы, репрезентативтілікке қатысты критерийлері, ғылымға негізделген тәртібі болады деді ол.

«Бұл жағдайдың ешқандай нашар салдары жоғын атап айтпақпын. Қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет мүддесін бұзған жоқ. Нақ осы себепті, құқық бұзу құрамы жоқ болғандықтан мұндай жайттарды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабының 3-бөлігін қолдану аясынан алып тасталуы керек немесе заң қорғайтын мүдделерге шынайы қауіп төндірмейтіндіктен және залал келтірмейтіндіктен болмашы нәрсе деп бағалануы керек деп есептеймін»- , деді Ольга Диденко.

Заңгердің сөзінше, билік осы жайтқа байланысты заң талаптарына зер салып, нақты түсіндірме беруі керек.

«Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы «Сайлау туралы» конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы ережелеріне назар аударып, әлеуметтік желіде я мессенджерде қолданушы жүргізетін, қамтитын аудиториясы тар әрі шектеулі (мысалы, нақ осы жағдайда бар-жоғы 6 адам) сауалнама конституциялық заң тұрғысынан қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама болып санала ма – соған қатысты нақты әрі түсінікті етіп түсіндірме беруі қажет», — дейді Диденко.

Ол сонымен бірге соттан Медеу аудандық прокуратурасына жеке анықтама шығаруды сұрап та өтініш берді.

Істі қараған судья Расул Жамалбеков журналистің өкілінің өтініштерін қанағаттандырған жоқ.

Tags: Азаттық радиосыайыппұлреферендум
Келесі
Ораза кезіндегі таудағы демалыс: тыныштық, тепе-теңдік және жаңғыру

Ораза кезіндегі таудағы демалыс: тыныштық, тепе-теңдік және жаңғыру

Соңғы жазбалар

Алматы облысында Мәскеудегі «Путинді қорлағандар» іздестіріліп жатыр

Алматы облысында Мәскеудегі «Путинді қорлағандар» іздестіріліп жатыр

4 марта, 2026
Таяу Шығыстағы соғыс. Қазақстан Иран басшыларына емес – халқына көңіл айта қалды

Таяу Шығыстағы соғыс. Қазақстан Иран басшыларына емес – халқына көңіл айта қалды

3 марта, 2026
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

Әуе шабуылдарынан кейін. Трамп Иранның келіссөз ұсынғанын, өзінің келіскенін айтты

2 марта, 2026
Ирандағы шабуыл. Хаменеидің «қаза тапқаны» хабарланды 

Ирандағы шабуыл. Хаменеидің «қаза тапқаны» хабарланды 

1 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

26 февраля, 2026
Депутат сауалы. Қазақ шенеуніктерін Эпштейнмен не байланыстырады?

Депутат сауалы. Қазақ шенеуніктерін Эпштейнмен не байланыстырады?

26 февраля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.