• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Конституциялық референдум 15 наурызға белгіленді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
12.02.2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңа Конституция үшін жалпыұлттық референдум 15 наурызға белгіленді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы туралы жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.

Президент жарлығына қарағанда, азаматтарға «БАҚ-та 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ қойылады.

12 ақпанда жаңа Конституция БАҚ-та жарияланбақ.

Қазақстанда бұған дейін де 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары Конституцияға өзгерістер енгізілген.

Бұл жолғы өзгертулер арасында – «құрылтай» атауына ие болған бірпалаталы парламентке көшу, вице-президент қызметін енгізу, халық кеңесін бекіту, шетелден қаржыландыруға тыйым салу, азаматтарды ұстау тәртібі және өзге де өзгерістер бар. Сарапшылар бұған түрлі баға берген.

2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін президент Тоқаев бұрынғы билік тұсында енгізілген пропорциялық сайлау жүйесін сынап, Қазақстанда араға едәуір жыл салып, аралас сайлау жүйесі қайта енгізілген еді. Алайда Конституцияның жаңа жобасында бір палаталы парламенттің толықтай партиялық тізім бойынша жасақталатыны жазылған.

Азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, белсенділер президент Тоқаевты Конституцияны өзгертуде асығыстық танытпауға шақырып, толымды талқылау өткізу керегін ескерткен. Жаңа Конституцияның жобасы кіріспе, 11 бөлім және 95 баптан тұрады.

Tags: Жаңа Конституцияреферендумреформа
Келесі
Шіркеуді Мәскеу ықпалынан шығаруға тырысқан алматылық дінбасы ұсталды

Шіркеуді Мәскеу ықпалынан шығаруға тырысқан алматылық дінбасы ұсталды

Соңғы жазбалар

Алматы облысында Мәскеудегі «Путинді қорлағандар» іздестіріліп жатыр

Алматы облысында Мәскеудегі «Путинді қорлағандар» іздестіріліп жатыр

4 марта, 2026
Таяу Шығыстағы соғыс. Қазақстан Иран басшыларына емес – халқына көңіл айта қалды

Таяу Шығыстағы соғыс. Қазақстан Иран басшыларына емес – халқына көңіл айта қалды

3 марта, 2026
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

Әуе шабуылдарынан кейін. Трамп Иранның келіссөз ұсынғанын, өзінің келіскенін айтты

2 марта, 2026
Ирандағы шабуыл. Хаменеидің «қаза тапқаны» хабарланды 

Ирандағы шабуыл. Хаменеидің «қаза тапқаны» хабарланды 

1 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

26 февраля, 2026
Депутат сауалы. Қазақ шенеуніктерін Эпштейнмен не байланыстырады?

Депутат сауалы. Қазақ шенеуніктерін Эпштейнмен не байланыстырады?

26 февраля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.