• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Конституция дауы. Билік белсендіге полицейді жұмсады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
04.02.2026
Конституция дауы. Билік белсендіге полицейді жұмсады
Share on FacebookShare on Twitter

Конституция жобасын сынаған белсенділерді билік қысымға ала бастады. Полиция олардың бірін ұстап, бірінен әлеуметтік желіде сынап жазған пікірлерін өшіруді талап еткен.

Конституциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен алматылық белсенді Дина Елгезектің үйіне полиция барып, «түсіндірме» жұмысын жүргізген. Бұл туралы Дина Елгезек өзінің Facebook-парақшасында хабарлады.

«Үйге полиция келді. «Түсіндірме жұмысы» дейді-мыс. Мен, Дина Елгезек, Қазақстан азаматы ретінде Конституцияны талқылауға толық қақым бар», — деп жазды қоғам белсендісі.

Дина Елгезек өз жазбасында Конституциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен болатын.

«Конституциядағы «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген 7 баптың 2-ші тармағын алып тастауды сұраймын!»,- деп жазған еді белсенді.

Бұған дейін Дина Елгезек әлеуметтік желідегі парақшаларында жаңа Конституция жобасын ашық сынап, бірнеше жазба жариялаған.
Алматы полициясы әзірге бұл жағдайға қатысты жауап қатпады.

Бұған қоса бүгін жаңа Конституция жобасына қатысты жиында сөйлеуі керек болған қоғам белсендісі Жарқын Күрентаевты да полиция ұстап әкеткен. Бұдан бөлек, Instagram-парақшасында Конституциядан орыс тілін алып тастау туралы жиі айтқан заңгер Нұрсұлтан Орынбековке де полиция ескерту жасаған.

Полиция мұнымен қоймай журналист Жалғас Ертайдан да әлеуметтік желідегі парақшасындағы Конституция туралы жазбасын өшіруді талап еткен. Бірақ журналист одан бас тартқан. Жалғас Ертай бұдан алдын Конституциядағы «орыс тілі ресми қазақ тілімен тең қолданылады» деген 2-тармақты өзгертуді ұсынған еді.

Ал премьер-министр Олжас Бектеновтің таяуда Конституция туралы «жалған ақпарат таратқандарға» қатаң шара қолдануды талап еткені белгілі.

Tags: белсенділерЖаңа Конституцияқысымтүсіндірме
Келесі
Қазақтілді мектепті талап еткен белсенді 15 тәулікке қамалды

Конституциядағы тіл дауы айтылғанымен, талқыланбады

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.