• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент тағы да «шын мәніндегі жаңа Конституция» жайлы айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
19.01.2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламентті реформалау жөніндегі жұмыс тобының отырысында Конституцияға біраз түзетулер енгізілетінін меңзеді.

«Парламент реформасын жүзеге асыру үшін Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады. Сондықтан Ата заңымызға осыған дейін енгізілген өзгертулерді ескерсек, жұмыс тобы ұсынып отырған түзетулер жобасы Қазақстанның шын мәнінде жаңа Конституциясы туралы айтуға мүмкіндік береді,»- деді ол 19 қаңтардағы жиында.

Бұған қоса, Тоқаев 20 қаңтарда өтетін Ұлттық құрылтайда «бұл мәселе бойынша нақты пікірін айтатын» жеткізді. Ол «заң шығарушы билік тармағын жүйелі түрде қайта форматтау қажет» дейді.

Жиында президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары Ержан Жиенбаев «Бір палаталы парламенттің заң шығару жұмысындағы барлық процедурасы егжей-тегжейлі пысықталды,»- деді. Ал мемлекеттік кеңесші, парламентті реформалау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қарин «парламенттің құрылымына, құрамына, өкілеттігіне қатысты ұсынылып отырған өзгерістер өте ауқымды» болғанын айтты.

Тоқаев бір палаталы парламент құру ұсынысын былтыр 8 қыркүйекте халыққа жолдауында жариялаған. Ол парламентті тек партия тізімдерімен сайлауды ұсынды. Биліктің жоспары бойынша, ұсыныстар биыл талқыланып, 2027 жылы референумға шығарылуы керек.

Тоқаев бұған дейін парламент реформасы бойынша халықтан 500-ге жуық ұсыныс түскенін айтқан. Ал бүгін, 19 қаңтардағы отырыста 1600 ұсыныс келгені айтылды.

16 қаңтарда Алматыда бір топ қоғам белсендісі парламент реформасын талқылап, биліктің кейбір ұсынысына қарсы шыққан. Олар парламент қалыптастыруда мажоритарлық жүйенің үлесін 70 пайызға дейін арттырып, партия тізімі арқылы сайланатын депутаттар санын 30 пайызбен шектеу қажет екенін ұсынған.

Келесі
Мәжіліс емес – Құрылтай, мемлекеттік кеңесші емес – вице-президент пе?

Мәжіліс емес – Құрылтай, мемлекеттік кеңесші емес – вице-президент пе?

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.