Асылхан Мамашұлының «Қилы кезең» деректі фильмінің оныншы бөлімінде Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы жаңарған одаққа ұмтылысы, Қазақстандағы казактар бүлігіне берілген тойтарыс, алғашқы қазақ ғарышкерінің космосқа ұшуы және Назарбаевтың жалпыхалықтық сайлауға қалай қатысқаны, Қонаевтың ел алдына шығуы және Ерік Асанбаев туралы талданады.
Видеоны мына сілтемеге өтіп көре аласыз.
Дінмұхаммед Қонаев кетер қарсаңындағы Қазақстан билігіне тартыс 1995 жылы жаңа конституция қабылдап, Н.Назарбаев билікті түгел өзіне алғанға дейін жалғасты.
«Қилы кезең» тізбекті хабарында осы аралықтағы ірі саяси және қоғамдық оқиғалар қамтылған. Оқиға куәгерлері, деректер не дейді. Әр мәліметті дәлелмен баяндауға талпыныс жасалды.
Бүгінгі оныншы бөлімнің қысқаша мазмұны.
Темекі күл емес – «гүл» болды
Жалақының жоқтығы. Бағаның аспандауы
Дүкенде түк қалмады. Тәуелсіздікті тойлау жайына қалды
Колхоз бен совхоздың тоқырауы. Шаруа қожалығының шығуы
Назарбаевтың ауыл әкімдеріне ұрысуы. Малдың азаюы
Мәдениет саласының күйреуі
Арақ пен темекі – еңбек күшіне төлем
Қазақстаннан ұшақпен тауар тасып алып кету
Бағамен адамды қорқыту және жұбату
Жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы
Коммерсант пен рэкеттің шығуы
Жаппай тонау әскерге жетті
Девальвация
Серікболсын Әбділдиннің теңге шығару жұмысын қолға алуы
Дүниежүзі қазақтары құрылтайы
Назарбаевтың Мәскеуге барып ортақ ақшаны жақтауы
Теңгенің шығуы
Қазақстанға жарнама келді
«Бөбек» қоры құрылды. Болат Әбіловтің Назарбаев қаламын сатып алуы
Кәсіпкерліктің еркін кезі. Жаңа тұлғаларды шығуы






