• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оқушы өлімінен соң. Тәжікстан министрлігі Ресей елшісін шақыртты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
19.12.2025
Оқушы өлімінен соң. Тәжікстан министрлігі Ресей елшісін шақыртты
Share on FacebookShare on Twitter

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі Ресейдің Душанбедегі елшісі Семен Григорьевке нота тапсырып, Мәскеу түбіндегі елді мекенде қаза болған Тәжікстан азаматы — төртінші сынып оқушысының өлімін жан-жақты тергеуді талап етті. Министрліктің хабарлауынша, шабуыл «ұлттық өшпенділік» негізінде туындаған. Бұл жөнінде Азаттық Азия жазды.

Мәліметке қарағанда, шабуылды 16 желтоқсанда Мәскеу түбіндегі Одинцов ауданы Успенский мектебінің 9-сынып оқушысы жасаған. Ол мектеп күзетшісінің бетіне баллоннан газ шашып, пышақ ұрған, бұдан кейін 10 жастағы оқушыға тап берген. Соның салдарынан оқушы бала көз жұмды деп хабарлады тергеу комитеті. Көз жұмған оқушы Тәжікстан азаматы болып шыққан.

Шабуылдаушы ұсталған. Ол өзінің әрекетін камераға түсірген. Ресейлік бірқатар ақпарат құралдары мен телеграм-арналары 15-минуттық ролик жариялады. Онда шабуылдаушының шабуылға мектеп дәретханасында дайындалғаны көрінеді. Жасөспірім ол жаққа жарылғыш зат тастап кеткен. Бұдан кейін ол сыныптарды аралап, мұғалімді іздеген. Осыдан кейін бір топ бала мен мұғалімді кездестіріп, олардан «қай ұлтсың» деп сұраған. Содан кейін шабуыл жасалған.

Телеграм-арналардың жазуынша, шабуылға дейін бірнеше күн бұрын күдікті сыныптастарына «Менің ашуым» атты манифест жолдаған. Бұл еврей, мұсылман және либералдарға қарсы неонацистік сипаттағы мәтін деп жазды «Осторожно новости». Ол сонымен бірге неонацистік символдармен де суретке түскен.

Азаттық радиосының хабарлауынша, көз жұмған оқушы Қобилжан Әлиевтің анасы жолдасы өлгеннен кейін бірнеше жыл бұрын екі баласымен Ресейге қоныс аударған. Ол баласы оқыған мектепте еден жуушы болып істейді. 17 желтоқсанда Қобилжан Тәжікстанға кетуі керек болған, себебі оның төлқұжат мерзімі біткен.

Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода да Ресей ішкі істер министрі Владимир Колокольцевтен Ресей жағының оқиғаны мұқият тергеп, кінәлерді жазалауын талап еткен.

Ал Колокольцев «тергеу қатаң бақылауда жүргізіліп жатыр, әділ тергеу үшін барлық шара» атқарылып жатқанын айтқан. Бұған дейін шабуылдаушы оқушының өз кінәсін мойнына алғаны хабарланған.

Келесі
Қилы кезең: Тәуелсіздік және тапшылық. Теңге неге кешікті?

Қилы кезең: Тәуелсіздік және тапшылық. Теңге неге кешікті?

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.