• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Алғашқы АЭС-тің іргетасы 2029 жылы қалануы мүмкін

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
22 ноября, 2025
«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев елде бірінші АЭС-тің іргетасын қалау 2029 жылға жоспарланып отырғанын айтты.

“Росатом” жұмысын өте сәтті бастады. Шамамен 50 шақты ұңғыма қазылды. Топырақ үлгісі алынып, сарапталып жатыр. Радионуклидтердің бар-жоғына қатысты шамамен 2000 орын тексерілді. Гидрологиялық, гидротехникалық, инженерлік талдау, орынға топографиялық анализ жүргізілді. Екі гидробекет анықталды. Жалпы жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Атом саласы мамандары арасында “алғашқы бетон” деп аталады… сол 2029 жылға қарай бастала ма деп отырмыз,”- деген Ақордада журналистердің сұрақтарына жауап берген Алмасадам Сәтқалиев. Оның сөзінен ҚазТАГ үзінді келтіреді.

Айтуынша, жұмыс басталғаннан кейін 18 айда жобалық-зерттеу жұмыстары аяқталады. Бұдан бөлек, болашақ атом электр станциясына мамандарды да дайындау жұмысы қатар жүріп жатыр. Ал Қазақстанға екінші атом электр станциясын салып береді деген Қытай болашақ АЭС мамандары үшін 200 грант бөлген.

“Қазіргі кезде Франция, Қытай, Ресей, Венгрия сияқты елдердің энергетикалық нысандарында тәжірибеден өткісі келетін, атом энергетикалық станцияларында істегісі келетін жас мамандардан өтініш қабылдап жатырмыз,”- дейді министр.

Биыл ақпанда Қазақстан үкіметі елдегі алғашқы атом электр станциясын салатын орынды ресми түрде бекіткен. АЭС Алматы облысы Жамбыл ауданында, Балқаш көлінің жағасындағы Үлкен ауылының маңында тұрғызылмақ. 14 маусымда Қазақстан үкіметі алғашқы АЭС-ті Ресей салып береді деп мәлімдеген.

Кей экологтар мен белсенділер Қазақстанда АЭС салуға қарсы. Олар атом станциясы Балқаш көліне кері әсер етуі мүмкін дейді. Қоғам белсенділері мен саясаттанушылар да АЭС-ті Ресей салатын болса, Қазақстан оған энергия және саяси жағынан тәуелді болып қалады деп алаңдайды.

Ал ресми Астана Қазақстан қоғамына АЭС-ті таңдау шешімінің саяси астары жоқ деуге сендіруге тырысып келеді.

«Уран шикізатының, технологиялық процестерінің меншік иесі, операторы, өндірушісі Қазақстан болады», – деген Қазақстанның атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.

Қазақстанда АЭС құрылысы үшін 2024 жылы 6 қазанда рефрендум өткізілгені белгілі. Онда дауыс бергендердің 71 пайыздан астамы құрылысты қолдады деп жарияланды. Алайда сол кезде дауыс берушілерге, жалпы қоғамға Қазақстанда неше АЭС салынатыны айтылмаған. Кейін елде 3 бірдей АЭС салынатыны белгілі болды. Оның алғашқысына Ресей қатысса, екіншісінің құрылысына Қытай компаниясының ат салысатыны айтылады. «Балқаш» атауын иеленген алғашқы АЭС-тің орны ретінде шамамен Балқаш көлінің жағасындағы совет кезінде ГЭС салынады деген тұсы белгіленген болатын.

Келесі
Украина мен Ресей Ақ үйдің бейбітшілік жоспарына күманмен қарайды

Украина мен Ресей Ақ үйдің бейбітшілік жоспарына күманмен қарайды

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.