• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Қытайға барған азаматтың ұсталуына Қазақстанда қарсылық білдірген 12 адам қамалды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
15.11.2025
Қытайға барған азаматтың ұсталуына Қазақстанда қарсылық білдірген 12 адам қамалды
Share on FacebookShare on Twitter

Қытайда ұсталған Әлімнұр Тұрғанбайдың ұсталуына Алматы облысында қарсылық білдіріп, акция өткізген 12 адам қамалды. Тіркелмеген «Атажұрт» партиясының мүшесі, заңгер Нәзигүл Мақсұтханның айтуынша, полиция барлығы 19 адамды ұстаған. Ең соңғы сот түнгі 1 жарымда болған.

Азаттық радиосының хабарлауынша, 19 адамның барлығы да тіркелмеген «Атажұрт» партиясының мүшелері. Соның 12-сіне әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Олардың ішінде екеуі – 15 тәулікке қамалды, 10 тәулікке, 7 тәулікке қамалғандар бар. «Қалғанымызға әкімшілік айыппұл салды. Әкімшілік қамауға алынған 12 адамды Шелек, Кеген және Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Қошмамбет деген жерге бөлек-бөлек қамады», – деген Нәзигүл Мақсұтхан.

Бұған дейін Алматы облыстық полициясы 13 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданында “шет мемлекеттің туы мен президентінің суретін өртеген” адамдардың “заңсыз топтасуының” жолын кескенін хабарлаған.

Полицияның хабарлауынша, істі қараған сот 12 адамды 434-бап бойынша (“қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, тіл тигізу”) әкімшілік жазаға тартып қамаған. Бұған қоса, алты адамға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған. Полицияның хабарлауынша, “Алауыздық қоздыру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Осыған дейін әлеуметтік желіде бір топ адамның Қытай билігі ұстап отырған Әлімнұр Тұрғанбайды босатуды талап еткені көрінетін видео тараған.

«Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайды Қытай 120-дан астам күн себепсіз қамап, тұтқында ұстап отыр. Ал Әлімнұр Тұрғанбайдың Қазақстан азамат екені, оның жұбайы мен бала-шағаларының барлығының Қазақстан азаматы екені толық дәлелденіп тұр. Соған қарамастан Қытай Қазақстан берген құжатты мойындамай, Әлімнұр Тұрғанбайды негізсіз ұстап отыр,»- дейді видеода тіркелмеген «Атажұрттың» жетекшісі Бекзат Мақсұтхан.

Видеода наразы топтың Қытай туы мен Қытай басшысының суретін өртегені де көрінеді.

Одан кейін оқиға орнына бірнеше полиция көлігі тоқтап, полиция қызметкерлері оларға «бұлайша топтасу заңсыз екенін» ескертеді. Ал «Атажұрт» өкілдері мұнда заңда көрсетілген құқықтарын пайдаланып, пікірлерін ашық айтып отырғанын айтады.

Бірнеше жыл бұрын Қытайдан көшіп келіп, Қазақстан азаматтығын алған Тұрғанбай Әлімнұр шілде соңында жұмыс бабымен Қытайға барғанда ұсталған. Қытай билігі Қазақстанның сол елдегі консулдығына берген жауабында Әлімнұрда қос азаматтық бар екенін, Қытайда қос азаматтыққа тыйым салынғанын айтқан. Ал Әлімнұрдың отбасы оның Қытайда тіркеуі жойылғанын айтып, оны «жалған айыптармен» ұстап отыр деп санайды.

Келесі
Арнайы конкурс жариялап АЭС-ке қойылған атау ештеңесімен ерекшеленбеді

Арнайы конкурс жариялап АЭС-ке қойылған атау ештеңесімен ерекшеленбеді

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.