• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
13.11.2025
Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды
Share on FacebookShare on Twitter

12 қарашада Мәскеуде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин мемлекетаралық қарым-қатынасты жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қойды. Келісімге қол қою рәсімі Кремльде өтті.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Тоқаев құжатты Мәскеуге мемлекеттік сапарының басты мақсаттарының бірі деп атады, ал сапардың өзі ол үшін «биылғы жылдың негізгі оқиғасы» болған.

Қол қойылған құжатқа Қазақстан президенті «екіжақты қарым-қатынаста жаңа дәуірге жол ашады, өзара сенімнің бұрын-соңды болмаған деңгейін және барлық салаларда тығыз жұмыс істеуге дайындықты растайды» деп бағалаған.

Ресей басшысы Астана мен Мәскеу арасын «бір-біріне жақын әріптес, дос әрі сенімді одақтас» деп атап көрсеткен

Тоқаев Вашингтонға сапарынан кейін бір аптадан соң Ресей астанасына барған. Вашингтонда ол Орталық Азия елдерінің өзге президенттерімен бірге АҚШ басшысы Дональд Трамппен кездесті. АҚШ Ресей мен Қытайдың ықпалы көп аймақтың минералды ресурстарына қызығушылық танытып отыр және аймақпен ынтымақтастықты тереңдетуге ниет білдірген. Сарапшылардың пікірінше, Орталық Азия мемлекеттері үшін Вашингтондағы кездесу олардың сыртқы байланысын әртараптандыруға және ірі державалармен қарым-қатынасында тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.

Мәскеуге экономикалық және геосаяси тұрғыда тәуелді Астана онымен қарым-қатынасты сақтауға талпынып келеді. Қазақстан Еуразия экономика одағы (оған Ресей мен Қазақстаннан бөлек, Армения, Беларусь, Қырғызстан мүше), Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше.

Ресей Украинаға басып кірген кезде Қазақстан көрші елдің басқыншылығын айыптамады. Бірақ соғысты ашық қолдаған да жоқ. Астана Ресей басып алған украин жерін Ресей жері деп мойындаған жоқ.

Тоқаев Мәскеуге келген алғашқы күні Путинмен бейресми жағдайда кездесті. Тоқаевтың сапарының ресми бөлігі 12 қарашада өтті. Путинмен келіссөз барысында «саясат, сауда-экономика, инвестиция мен гуманитарлық ықпалдастық бағытындағы кең ауқымды мәселелер» талқыланған.

Тоқаев Путинді келесі жылы Қазақстанға келуге шақырды, ал Путин шақыруды қабылдады.

Кремльде қол қойылған жаңа декларацияға дейін екі ел арасында 2020 жылы жаңартылған тату көршілік және одақтастық туралы шарт күшінде болған. 1998 жылы тараптар «ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық туралы Декларацияға» қол қойған. 1992 жылы тараптар «Мәңгі достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа» қол қойған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-12 қарашадағы Мәскеуге сапарында оны Ресей үкіметінің бірінші орынбасары Денис Мантуров қарсы алса, қайтарында үкіме төрағасының орынбасары Алексей Оверчук шығарып салды. Оверчук Еуразия кеңістігіндегі ықпалдастық, G20, БРИКС, ШЫҰ-мен байланысқа жетекшілік етеді.

Келесі
Қытайға барған азаматтың ұсталуына Қазақстанда қарсылық білдірген 12 адам қамалды

Қытайға барған азаматтың ұсталуына Қазақстанда қарсылық білдірген 12 адам қамалды

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.