• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10 ноября, 2025
ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті
Share on FacebookShare on Twitter

ВВС медиакорпорациясының екі топ-менеджері – бас директор Тим Дэйви мен жаңалықтар қызметінің жетекшісі Дебора Тернесс – АҚШ президенті Дональд Трамптың сөзін бұрмалауға қатысты айыптаулардан кейін қызметтен кетті.

Тим Дэйви ұжымға жолдаған хатында корпорация жұмысында «бірқатар қателік жіберілгенін» мойындап, ол үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдеді. Ол әсіресе жаңалықтар бөлімі жайлы «пікірталастарды» атап өтті.

Жаңалықтар қызметінің жетекшісі Дебора Тернесс Трамптың сөзін өңдеуге қатысты бағдарлама төңірегіндегі ұзаққа созылған дау шегіне жетіп, «BBC беделіне нұқсан келтіре бастағанын» жазды.

Бұл дауға былтыр BBC арнасында эфирге шыққан «Трамп: Екінші мүмкіндік пе?» атты бір сағаттық бағдарлама себеп болған. Онда Трамптың 2021 жылғы 6 қаңтарда — Вашингтондағы Конгресс ғимаратында болған тәртіпсіздіктер қарсаңында сөйлеген сөзі өңделіп берілген. Бағдарлама көрерменге Трамп тәртіпсіздікке тікелей шақырғандай әсер қалдырған.

Нақтысында Трамп сол күні «Біз Капитолийге барып, өзіміздің батыл сенаторлар мен конгрессмендерімізді жігерлендіреміз», — деп мәлімдеген. Алайда бағдарламада оның сөзі былай берілген: «Біз Капитолийге барамыз… сіздермен бірге мен де барамын. Және біз күресетін боламыз. Бар күшімізбен күресеміз».

BBC кейін түсіндірме жариялап, Трамптың сөйлеген сөзінің арасы 50 минуттен асатын екі бөлігі монтаж кезінде өңделгенін айтты. Медиакорпорация бағдарламаны тәуелсіз продакшн-компания жасаған деп мәлімдеді.

Тим Дэйви BBC-дің бас директоры қызметіне 2020 жылғы қыркүйек айында тағайындалған. Оған дейін жеті жыл бойы корпорацияның коммерциялық бөлімшесі — BBC Studios-ты басқарған. Ол BBC-де бас-аяғы 20 жыл қызмет істеген. Дебора Тернесс BBC News бөлімін 2022 жылдан бері басқарып келген.

Келесі
Ғалым Доскен дүниеден өтті

Ғалым Доскен дүниеден өтті

Соңғы жазбалар

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

13 ноября, 2025
Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

11 ноября, 2025
Ғалым Доскен дүниеден өтті

Ғалым Доскен дүниеден өтті

11 ноября, 2025
ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

10 ноября, 2025
Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

7 ноября, 2025
Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

6 ноября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.