• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Жазасын кейін өтейді. «Араздық қоздырған» адам бас бостандығынан айрылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
4 ноября, 2025
Жазасын кейін өтейді. «Араздық қоздырған» адам бас бостандығынан айрылды
Share on FacebookShare on Twitter

3 қараша, дүйсенбі күні Қарағанды қаласының соты 22 жастағы жергілікті кәсіпкер Алика Мұхамадиеваны «ұлтаралық және діни араздықты қоздырғаны үшін» айыпты деп танып, оны 3,5 жылға бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұл туралы Қазақстанның бас прокуратурасы ресми хабарлады.

«Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының соты Алика Мұхамадиеваға Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған айыптау үкімін шығарды», – деп хабарлады Бас прокуратура.

Сот Мұхамадиеваның екі жасар баласы барын, айыпталушының сот процесі кезінде кінәсін толық мойындап, өз ісіне шын жүректен өкінгенін ескеріп, оның жаза өтеу шарасын кейінге қалдырды.

Бұған дейін прокурор соттан айыпталушыға 4,5 жыл түрме жазасын тағайындап, оның баласы кәмелет жасына жетпегендіктен жаза өтеу шарасын 4 жылға кейінге қалдыруды сұраған еді.

Алика Мұхамадиева Threads платформасында қазақтар мен мұсылмандардың намысын қорлайтын пікірлер жариялағаннан кейін көпшіліктің назарына ілініп, басы дауға қалды.

Даулы пікірлерге жасалған сараптама Мұхамадиеваның жазбалары діни және ұлтаралық араздық қоздыру сипатында деген қорытынды шығарған.

Оның жазбалары қоғамда жаппай резонанс тудырғаннан кейін Мұхамадиева елден шығып кетуге талпынғаны, бірақ екі күннен соң ұсталғаны айтылады.

Ол ұсталғанға дейін Қытайдан тауар жеткізу қызметін көрсететін шағын бизнеспен айналысқан. Ұсталар алдында ол бейнеролик жариялап, өз қылығы үшін кешірім сұраған.

Келесі
Трамп қолдамаған кандидат. Зохран Мамдани Нью-Йорк мэрі болып сайланды

Трамп қолдамаған кандидат. Зохран Мамдани Нью-Йорк мэрі болып сайланды

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.