• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АҚШ-та жерленеді. Жазушы Мұхтар Мағауин эмиграцияда бақилық болды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10 января, 2025
Мұхтар Мағауиннің толық шығармалар жинағы жарыққа шықты
Share on FacebookShare on Twitter

10 қаңтарда 85-ке қараған шағында эмиграциядағы жазушы, әдебиет тарихын зерттеуші ғалым, тарихи романдардың авторы Мұхтар Мағауин қайтыс болды. Жазушының дүниеден өткенін оның ұлы Едіге Мағауин Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Арыстан әкем фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55)» деп жазды Едіге Мағауин.

Ол жазушының толық шығармалар жинағының 26-томынан үзінді де жазып қойған.

“Мына Мен – айбынды Ғұн, ержүрек Түрік, кемеңгер Шыңғыс хан, Асқақ Алтын Орда, оған жалғас нұр шұғылалы Алаш әулеті – бар ғұмыры жарыққа ұмтылған арпалыс үстінде өткен Мұхтар Мағауин – көзім жұмылған мезетте, бұрнағы Алапат Бабаларым сияқты, өлмес, өшпес, Мәңгілік Аруаққа айналам! Иә!”.

Мұхтар Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында дүниеге келген. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы аспирантурасын бітірген. Әр жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында, «Жазушы» баспасында қызмет істеген. Ғылым академиясына қарасты Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында, Мәскеуде Максим Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша лекция оқыған.

Жазушы ХV-ХVІІІ ғасырдағы ұмытылған ескілікті қазақ поэзиясын қайыра ашып, ресми әдебиет тарихына енгізген. «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілген.

Жазушының XV–XVІІІ ғасырдағы қазақ ақын, жыраулары туралы «Қобыз сарыны», «Көк мұнар» романы, «Шақан-Шері», «Гауһар» роман-дилогиясы, «Жармақ», «Шыңғыс ханның шарапаты» және өзге де шығармалары бар.

Сонымен қатар, «Сары қазақ» романы, «Мен» мемуарлық дилогиясы, «Кұңфудзынын даналық дәрістері» кітабын, «Шипалы Арасан» хикаяты, «Тамыздан соңғы әнгімелер», «Одағай әңгімелер» топтамалары, “Жармақ” романын жазды.

Cоңғы жылдары «Алтынорда» романын жазған жазушының былтыр 26 томдық толық шығармалар жинағы жарық көрген. Тағы бір том еңбегі баспаға әзірленіп жатқаны хабарланған.

Мұхтар Мағауиннің жаназасы 11 қаңтар күні АҚШ-тың Мэриленд штатында Ленхем қаласында жергілікті уақытпен 10:00–де түріктің Diyanet Center of America мешітінде шығарылып, Parklawn Memorial зиратына жерленеді.

Келесі
Тағы бір дегдар бақиға аттанды. Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлы туған ауылына жерленеді

Тағы бір дегдар бақиға аттанды. Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлы туған ауылына жерленеді

Соңғы жазбалар

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

13 ноября, 2025
Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

11 ноября, 2025
Ғалым Доскен дүниеден өтті

Ғалым Доскен дүниеден өтті

11 ноября, 2025
ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

10 ноября, 2025
Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

7 ноября, 2025
Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

6 ноября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.