• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ереванда — ел наразылығы. 100-ден аса адам зардап шекті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
13 июня, 2024
Ереванда — ел наразылығы. 100-ден аса адам зардап шекті
Share on FacebookShare on Twitter

Ереванда 12 маусымдағы митингі кезінде 100-ден аса адам зардап шекті, олардың арасында наразылар да, полицейлер де бар. Азаттық радиосының хабарлауынша, бұл жөнінде денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйеніп, «Армения қоғамдық радиосы» мәлімет таратқан.

Медициналық көмек алған 85 адам ауруханадан шыққан, қалғаны ем алып жатыр. Зардап шеккендер жеңіл және орташа дәрежедегі жарақат алған.

Armenia Today телеграм-арнасы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сүйеніп, наразылық кезінде 18 полицей зардап шекті деп жазды.

Армениядағы наразылық бірнеше аптадан бері жалғасып жатыр. Наразылар премьер-министр Никол Пашинян мен оның үкіметі қызметін доғарсын деп талап қойған. Олардың басым бөлігі – «Отан үшін Тавуш» қозғалысын жақтайтындар. Бұған дейін олар Армения премьер-министрі лауазымына қозғалыс лидері, архиепископ Баграт Галстанянды ұсынған.

12 маусым кешке үкімет отырысы өтіп жатқан кезде, орталық алаңға митингіге шыққан адамдар парламент ғимараты маңындағы қоршауларды алып тастап, ішке кіруге талпынды. Кейін полиция оларды күштеп тарата бастады.

Армениядағы наразылыққа Әзербайжанмен арадағы шекара келісімі түрткі болды, Ереван шекарадағы бірнеше ауылды Бакудің бақылауына беруге келіскен. Тараптар делимитация туралы құжаттарға сәуірдің аяғында қол қойды. Келісім Тавуш аймағындағы төрт ауылдан басталуы керек еді. Олар екі ел армиясы позициялары арасындағы бейтарап аймақта орналасқан.

Армения тергеу комитеті ұсталған адамдардың үстінен «Жаппай тәртіпсіздік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

Келесі
Санкция салдары. АҚШ Ресейге көмектескен Қазақстандағы фирмаға шара қолданды

Үкімет "КБР-Технологияның" санкцияға ілінгенін білмейтін сыңай танытты

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.