• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

1 жыл 9 айдан — 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Қаңтар оқиғасы бойынша 11 адамға үкім шықты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
11.06.2024
1 жыл 9 айдан — 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Қаңтар оқиғасы бойынша  11 адамға үкім шықты
Share on FacebookShare on Twitter

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жаппай тәртіпсіздік пен шабуылға қатысып, күзетілетін объектілерді басып алды, сондай-ақ билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсетті (ҚК 272, 269, 380-баптары) деп айыпталған 11 сотталушының ісі қаралды.  

2022 жылдың 4-5 қаңтарында сотталушылар жаппай тәртіпсіздікке қатысып, қорғалатын объектілерге — Алматы қаласының әкімдігіне, Президент резиденциясына, полиция кеңсесіне заңсыз кірді деп айыпталып отыр.

Ресми мәліметте тәртіпсіздік барысында үш сотталушы әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсетті делінеді.

Ал, сотталушылардың біреуі екі әскери курсантты тұтқынға алып, оларға жеңіл дене жарақатын салған. 

Сотталушылар кінәсін жартылай мойындады.

Аталған қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады.

Жаза тағайындау кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайды ескергені айтылады. Сотталушылардың кәмелетке толмаған балалары бары, денсаулығы, отбасылық жағдайы және бұрын сотты болмағаны есепке алынды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып сот 10 сотталушыны ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 269-бабының 3-бөлігі-1), 4), 8) тармақшалары бойынша кінәлі деп тапты. 

Рақымшылық туралы заңды қолдана отырып, әрқайсысы 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.

Бір сотталушы ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 1), 4), 8) тармақтары, 269-1-бабының 3-бөлігі, 261-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

Ол Рақымшылық туралы заң аясында 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Келесі
Маңғыстау әкімі кіші Назарбаев болмақ па?

Маңғыстау әкімі кіші Назарбаев болмақ па?

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.