• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

70-тен аса құжат. Қазақстан мен Қытай келісімдерге қол қойды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
3 сентября, 2025
70-тен аса құжат. Қазақстан мен Қытай келісімдерге қол қойды
Share on FacebookShare on Twitter

Пекинде іссапармен жүрген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесіне қатысып, екі тарап жалпы құны 15 млрд доллардан асатын 70-тен аса коммерциялық құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кеңесте Тоқаев Қытай Қазақстан экономикасына 27 млрд доллар инвестиция салғанын айтып, «Қытай бизнесінің өкілдері Қазақстаннан сенімді серіктестер таба алатынын» жеткізді.

Бұған қоса, Тоқаев Қытай ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (CNNC) бас директоры Шэнь Яньфэнмен кездескен.

CNNC Қазақстандағы екінші атом электр станциясын салатыны айтылған еді. Тоқаев «тәжірибесі мол әрі технологиясы озық CNNC компаниясымен екінші атом электр стансасының құрылысы табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірген». Ақорда екі тараптың кездесуінің нақты детальдарын жарияламады.

Бұдан бөлек Ақорда «Energy China компаниясы Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігін жалғайтын тұрақты электр желілерінің құрылысын жүргізуге ниет танытып отыр» дейді. Тоқаев компания директоры Ни Чжэнмен де кездескен.

Азаттықтың хабарлауынша, кейінгі кезде Қытайдың Қазақстандағы жобалары мен инвестициясы қарқынды артып келеді. Қытайлық Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Жамбыл облысындағы ірі жел электр станциясына, Жезқазған – Қарағанды автокөлік жолы, Көкшетау қаласындағы көпсалалы аурухана құрылысына 2 млрд доллан құйған. Тоқаев Пекинде осы банктің президенті Цзинь Лицюнмен жолығып, «ынтымақтастықды дамыту перспективасын» талқылаған.

Қытайдың Fujian Hengwang Investment компаниясы Жамбыл облысында металлургия зауытын, Jiaxin International компаниясы Алматы облысындағы Бұғыты кенішінде вольфрам кенін өңдеу зауытын, China Glass компаниясы Қазақстанда шыны зауытын салған.

Ақорданың мәліметінше, енді Алматы қаласында Қытайдың көліктерін шығаратын зауыт пен қытайлық электробустар шығаратын BYD компаниясы ашылмақ. Бұдан бөлек Tianjin Rail Transit компаниясы қазір Астанадағы LRT жобасын салып жатыр.

Келесі
Тәліптерді «одақтас» көрген Путин Украина билігін «заңсыз» деп атады

Путиннің Зеленскиймен кездесуге дайын емесі белгілі болды

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.