• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент елдегі отбасылық-кландық жүйені жоққа шығарды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
15 августа, 2025
Туризмге — кедергі. Президент жол мен инфрақұрылымның нашарлығын енді көрді
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 тамызда “Тамыз конференциясында” сөйлеген сөзінде енді билікте «отбасылық-кландық жүйе жоқ» деп мәлімдеді. Оның сөзінен Ақорда үзінді келтірді.

“Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Енді билікте «отбасылық-кландық жүйе» жоқ. Азаматтарды қызметке тағайындау кезінде ең алдымен олардың білімі мен кәсіби білігі ескеріледі” деді ол.

Ол елде “маңызды реформалар” жүргізілгенін, “саяси жүйе тұтас жаңартылғанын” атап өтті.

«Біз бір ел, бір халық болып, әділетті, таза әрі қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін нақты реформаларды қолға алдық. Бұл – ауқымды әрі күрделі жұмыс. Бүгінге дейін біраз шаруа атқарылды. Елдегі саяси жүйе толық жаңғырды. Ұлттық экономиканың жаңа бағдары айқындалды. Қоғамымыз дамып, азаматтардың сана-сезімі өзгеріп жатыр» деді Тоқаев.

Азаттық радиосының хабарлауынша, президент «отбасылық-кландық жүйе» деп Тоқаев Назарбаев тұсында тамыр жайған «кландық жүйені» меңзеп отыр.

Тоқаев Қаңтар оқиғасынан кейін саяси реформаларды жария етіп, оны Назарбаев мұрасынан айырып, демократияға бет алатын «Жаңа Қазақстан» ретінде таныстырған. Алайда кейбір сарапшылар шын мәніндегі реформалар жүрмегенін, “Жаңа Қазақстанның” “Ескі Қазақстанның” көлеңкесінде қалды деп санайды. Тіпті кейбір белгілер Тоқаев режимінің қатаң авторитаризмге айналғанын көрсетеді деп есептейді.

Кемінде 238 адамның өмірін қиған 2022 жылғы Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда бірінші президент пен оның төңірегіндегілердің ықпалы күрт әлсіреді. Сол уақыттан бері Назарбаев түрлі атақтары мен мәртебелерінен айырылды, кейде қоғам тарапынан өзге де мәртебелерін алып тастау туралы талаптар естіледі.

2023 жылдың ақпан айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Назарбаевтың саяси мұрагері ретінде, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы» туралы заңның күшін жоятын және Назарбаев пен оның отбасы иеленіп келген барлық артықшылықтарды алып тастайтын заңға қол қойған.

Ал 2025 жылдың маусым айында Мәжіліс депутаты мемлекеттік құжаттардан «елбасы» сөзін алып тастауды ұсынды.

Келесі
Жар салған жиын. «Өнімді» деген отырыста келісім жасалмады

Жар салған жиын. "Өнімді" деген отырыста келісім жасалмады

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.