• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаһан

Мәңгілік министр Лавров Қазақстан басшысымен келіспейтінін 3 жылдан соң айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
16.04.2025
Мәңгілік министр Лавров Қазақстан басшысымен келіспейтінін 3 жылдан соң айтты

Фото: voanews

Share on FacebookShare on Twitter

Ресейдің 20 жылдан аса уақыттан бергі сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Коммерсантъ» басылымына берген сұхбатында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың территориялық тұтастықты сақтауға басымдық беру қажеттігі туралы тұжырымымен келіспейтінін, БҰҰ Жарғысында ұлттардың өзін-өзі анықтау құқығы да қарастырылғанын айтты.

2022 жылы маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында БҰҰ-ның өзін-өзі анықтау және территориялық тұтастық туралы принциптері қайшылықта екенін, территориялық тұтастықты сақтамау көптеген елдердің жанжалдасуына апаратынын, сол себепті Қазақстан Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындамайтынын айтқан еді.

«Мен онымен келіспеймін. Біз содан кейін қазақстандық достарымызға өз позициямызды түсіндірдік. Ол [Қазақстан президенті] үшін тек территориялық тұтастық құқығы ғана бар. Қайталап айтамын: егер БҰҰ мүшесі болсаңыз, онда Жарғыны тұтас құрметтеуге тиіссіз» деді Лавров сұхбатта.

Оның айтуынша, «территориялық тұтастық үкіметі сол аумақта тұратын барлық ұлтты білдіретін мемлекеттерде сақталады».

2022 жылы маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург экономикалық форумында егер ұлттардың өзін-өзін анықтау құқығы жүзеге асырылса, әлемде 193 мемлекеттің орнына 500 немесе 600 мемлекет болатын еді, яғни хаос болады деп айтқан еді.

«Сол себепті біз Тайвань, Косово, Оңтүстік Осетия, Абхазияны мойындамаймыз. Және бұл принцип біздің ойымызша, Луганск және Донецк сияқты квазимемлекеттік аумақтарға да қолданылады» деді Тоқаев.

2022 жылы ақпанда Ресей Украинаға басып кірерден бірнеше күн бұрын Владимир Путин Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындау туралы шешім шығарған. Халықаралық қауымдастық Украинаның шығысында өзін республика жариялап алған бұл құрылымдардың тәуелсіздігін мойындамаған.

Келесі
Мұхтар Мағауиннің толық шығармалар жинағы жарыққа шықты

"Тазының өліміне" сценарий іріктеліп жатыр - премьер

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.