• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

USAID қатты қысқарды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
11 марта, 2025
USAID қатты қысқарды
Share on FacebookShare on Twitter

АҚШ үкіметі осы елдің халықаралық даму агенттігінің (USAID) бағдарламаларының 83 пайызын қысқартты. Мұны АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Twitter парақшасында жазды.

Оның айтуынша, жалпы құны ондаған миллиард долларға тең 5200 келісімшарт қысқартылған.

«[Олар] АҚШ-тың негізгі ұлттық мүдделеріне қызмет етпеді (кейбір жағдайда тіпті зиян келтірген)», – деп хабарлады Рубио.

Қысқартудан кейін қалған бір мыңдай бағдарлама АҚШ мемлекеттік департаментінің бақылауына беріледі.

АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) – 1961 жылы Конгресс құрған тәуелсіз америкалық үкіметтік агенттік. Ол АҚШ үкіметінің халықаралық көмек көрсететін негізгі бөлімшесі саналады. Конгресс жыл сайын осы агенттікке әлемнің ең кедей елдеріндегі бағдарламаларды қаржыландыру үшін ондаған миллиард доллар бөліп келген.

Биыл ақпан айының басында АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі мемлекеттік шығындарды қысқартуды көздейтін шаралар аясында АҚШ халықаралық даму агенттігін (USAID) жабуға бағытталған өзгерістер жасамақ деген ақпарат тараған. Халықаралық гуманитарлық ұйымдар ондай іс-әрекеттердің салдары апатты жағдайға апарып соғуы мүмкін деп ескертті.

Ақпанның аяғында USAID реформасының бірінші кезеңінде 4100-ден астам грант қысқартылып, соның нәтижесінде 4,4 миллиард доллар үнемделді деп хабарлады АҚШ мемлекеттік департаменті.

Мемлекеттік департамент жиынтығы 15,9 миллиард доллардан көп, барлығы тоғыз мыңнан астам шетелдік көмек көрсету гранттарының бағамын 15 күн ішінде есептеп шығарған.

Азық-түліктен көмек көрсету, адамның имун жетіспеушілігі вирусы дерті мен туберкулезді емдеу, безгекке қарсы дәрі-дәрмек жеткізу бағдарламаларын қаржыландыру қысқартудан аман екені белгілі болып отыр. Бұған қоса Ливан, Гаити, Венесуэла, Куба және басқа да АҚШ гранттарына аса мұқтаж елдерге көмек көрсету бағдарламалары күшінде қалған.

90 күндік тексеру барысында, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио басқаратын комиссия төтенше көмек беруге қарастырылғаннан басқа USAID гранттарын төлеуді тоқтатқан еді. АҚШ президенті Дональд Трамп Рубиоға «салық төлеушілердің ақшасы Американың қауіпсіздігін, тұрақтылығын және өркендеуін нығайтуға жұмсалатынына» көз жеткізуді тапсырған.

Келесі
Ресейден қорғану. Украина 1 айға атысты тоқтата тұруға көнді

Ресейден қорғану. Украина 1 айға атысты тоқтата тұруға көнді

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.