• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Еуропаның Ресейге қарсы кезекті санкциясы белгілі болды. Арасында Қазақстан бар

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
24 февраля, 2025
Санкция салдары. АҚШ Ресейге көмектескен Қазақстандағы фирмаға шара қолданды
Share on FacebookShare on Twitter

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне үш жыл толғанына орай Еуроодақ елдерінің сыртқы саясат мекемелері басшылары Брюссельдегі кездесуде Ресейге қарсы 16-санкция пакетін мақұлдады. Бұл туралы дипломаттарға сүйеніп, халықаралық агенттіктерге сілтеп Азаттық радиосы хабарлады. Санкция тізімі ресми түрде 24 ақпан кешке жарияланбақ.

Өткен аптада Еуроодақ елдерінің елшілері Украинаға басқыншылық жасаған Ресейге қарсы 16-санкция пакетін мақұлдаған. Ақпаратқа қарағанда, Венгрия бірқатар адам мен ұсынылған шараны тізімнен алып тастауға қол жеткізіп, санкция пакетін бұғаттамаған.

Халықаралық ақпарат агенттіктері бұған дейін жаңа шектеу шаралары Еуроодақ елдеріне ресейлік алюминий өнімдерін сатып алуға кезең-кезеңімен тыйым салады, бұдан бөлек, Ресейдің мұнай экспортына шектеу күшейеді деп хабарлаған.

Бұған қоса, Ресейдің «тасадағы флоты» деп аталатын 73 танкер санкцияға ілігеді деп отыр, ақпаратқа қарағанда, олар мұнай саудасында шектеулерді айналып өтуге қолданылған. «Қара тізімге» 13 банк қосылмақшы, оларды SWIFT-тен ажыратады.

Еуроодақ Ресейге ойын консолдерін экспорттауға тыйым салмақ, оларды майданда дрон басқаруға пайдалануы мүмкін деп айтылды.

Бұған дейін ТАСС, «Лента.ру» және басқа да бірқатар мемлекеттік немесе Кремльді қолдайтын бұқаралық ақпарат құралы, соның ішінде Ресей қорғаныс министрлігінің «Звезда» телеарнасы, Қырым аннекcияланғаннан кейін сонда істейтін кремльшіл NewsFront сайты, бұдан бөлек, EADaily порталы санкцияға ілігеді деп хабарланған. AFP мәліметінше, ресейлік 8 бұқаралық ақпарат құралына санкция салынады. Еуроодақ мұны Украинадағы соғыс кезінде одақтың ақпарат қауіпсіздігіне қатер төндіретін Ресей пропагандасымен күрес деп түсіндірді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, 48 жеке және 35 заңды тұлғаға санкция салынады, арасында Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектесті делінген Үндістан, Қазақстан, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Сингапур, Түркия мен Өзбекстандағы компаниялар бар.

24 ақпанда Австралия мен Жаңа Зеландия Мәскеу мен оның одақтастарына жаңа санкциялар салды.

Ұлыбритания да жаңа санкция пакетін жариялайды деп отыр. Ақпаратқа қарағанда, Лондон жоғары лауазымды шенеуніктерге де, ірі ресейлік кәсіпкерлерге де санкция салмақ.

«Бұл шара Ресей халқының есебінен байыған, заңсыз және негізсіз соғысты қаржыландырған олигархтар алдындағы есіктерді жабады», – деді Ұлыбританияның сыртқы саясат департаментінің басшысы Дэвид Лэмми. Ұлыбританияның жаңа санкциясына нақты кім ілігетіні әлі хабарланған жоқ.

АҚШ та бұған дейін Ресейдің басқыншылық соғысына байланысты санкциялар жариялаған. Дональд Трамп әкімшілігі тезірек бейбітшілік орнатуға баса назар аударып отыр, олар Ресейге қатысты риториканы айтарлықтай өзгертті, оның ішінде Ресейді агрессия жасады деген айыптаудан бас тартты. АҚШ жаңа санкция пакетін дайындап жатқанын хабарламады. Бұған дейін президент Трамп та, оның әкімшілігінің өкілдері де Ресей бейбіт келіссөзге бармаса, санкцияны күшейтетінін жоққа шығармаған.

Келесі
Шымбұлақтағы жетістік Бардонеккьда артып кетті

Шымбұлақтағы жетістік Бардонеккьда артып кетті

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.