• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның «қарапайым зейнеткерін» Путин қабылдады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
14 декабря, 2024
Қазақстанның «қарапайым зейнеткерін» Путин қабылдады
Share on FacebookShare on Twitter

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу түбіндегі резиденцияда Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті деген мәлімет таратты Кремль сайты. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Кремльдің хабарламасында бір сөйлем және бір суреттен басқа ақпарат жоқ.

«Ново-Огаревте Владимир Путин Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті» деп жазылған хабарламада.

Ресей президентінің кеңсесі 13 желтоқсан күнгі кездесуде Путин мен Назарбаевтың нені талқылағанын жазбады.

Назарбаевтың ресми сайты да экс-президенттің Ресейге сапары жөнінде ақпарат жарияламады. Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай да аккаунтында ештеңе жазбады.

Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы наурызда қызметін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырып, отставкаға кеткен. Алайда ол Қанды Қаңтарға дейін өз ықпалын сақтап қалды. Кемінде 238 адамның өмірін қиған Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев өзіне берілген көптеген артықшылықтардан айырылып, айналасындағы адамдардың кейбірі қызметінен кетіп, кейбірі сотталды. Қаңтар оқиғасынан кейін бірнеше күннен кейін видеожолдауында Назарбаев өзінің «қарапайым зейнеткер» екенін айтқан.

Ақпарат құралдары Нұрсұлтан Назарбаевтың Путинмен кездескенін соңғы рет 2023 жылы желтоқсанда хабарлаған.

Назарбаев былтыр жарық көрген «Менің өмірім. Бодандықтан Бостандыққа» атты мемуарында Ресей президенті Владимир Путиннің кітаптарына бірнеше рет сілтеме жасап, оның өзін «сөзге берік, достыққа адал адам» деп мақтаған. Мемуарында Назарбаев 2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіргеніне Батысты айыптай сөйлеген.

Қаңтар оқиғасынан бері ықпалы әлсіреген Назарбаев Ресей басшысымен бірнеше рет кездескен.

Келесі
Ресейдің химиялық қорғаныс күштерінің басшысы жарылыстан қаза тапты

Ресейдің химиялық қорғаныс күштерінің басшысы жарылыстан қаза тапты

Соңғы жазбалар

Қытайға барған азаматтың ұсталуына Қазақстанда қарсылық білдірген 12 адам қамалды

Қытайға барған азаматтың ұсталуына Қазақстанда қарсылық білдірген 12 адам қамалды

15 ноября, 2025
Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

13 ноября, 2025
Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

11 ноября, 2025
Ғалым Доскен дүниеден өтті

Ғалым Доскен дүниеден өтті

11 ноября, 2025
ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

10 ноября, 2025
Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

7 ноября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.